2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет94/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
3.3. Әлеуметтік-бағытталған қала


3.3.1. Сапалы білімге, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік


Сапалы білім беру
Алматы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы еуропалық стандарттарға сай келетін, барлық азаматтар өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай, балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта білім алуға қол жеткізе алатын қала болуы тиіс.
Орта білім беру саласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілетін болады.
Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген (үздік/жақсы) оқушылардың үлесі негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол 2020 жылы 60%-ға жетеді.
Балабақшалар мен мектептердің жетіспеушілігі жеке меншік капиталды кеңінен тартуға бағытталған арнайы Бағдарламаны қабылдау арқылы шешілетін болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды жүйені енгізу жалғасады, ал мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналасқан ТжәнеКБ оқу орындарын бітірушілер үлесінің көрсеткіші 75% жетуі тиіс.
Инклюзивтік білім беруді дамыту шеңберінде негізгі күш дамуында ерекшеліктер бар балаларды оқыту үшін теңдей мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан балаларды инклюзивтік біліммен қамту 2020 жылға қарай 33,2% жетуі тиіс (2015ж. – 20%).
Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін қосымша білім беру жүйесі дамытылады. Бұл үшін спорт секцияларының, пәндік, музыкалық және шығармашылық үйірмелердің, аула клубтарының, роботехника орталықтарының санын арттыру жоспарланып отыр.
Ашықтық, қол жетімділік және халық алдында есеп беру білім беру жүйесі жұмысының басты бағыттарының біріне айналады. Қаладағы білім беру мекемелерінің кірістері мен шығындары туралы ақпаратты жариялау жалғасатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет