2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет2/9
Дата12.03.2017
өлшемі6,96 Mb.
#11560
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда



Шағын және орта бизнес

Соңғы үш жылда (2013-2015 жылдары) қалада шағын және орта бизнестің (бұдан әрі - ШОК) негізгі көрсеткіштердің жағымды қарқыны байқалады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ тіркелген субъектілер саны 241 103 субъектіні құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 10 809 субъектіге қысқарды немесе 4,2% және 2013 жылмен салыстырғанда 16 272 бірлікке немесе 7,2% артты.

Жұмыс жасайтын субъектілер саны 2015 жылы 185 133 бірлікті құрады, ол 2014 жылмен салыстырғанда 57 026 субъектіге көбейді немесе 44,5% және 2013 жылмен салыстырғанда 65 671 бірлікке артық немесе 55%, сәйкесінше жалпы тіркелгендер санында ШОБ жұмыс жасайтындардың үлесі 76,8%-ға дейін өсті (2014 жылы – 50,9%, 2013 жылы –53,1%).

Жыл сайын ШОБ жұмыс жасайтындардың саны өсіп келеді, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 132 820 бірлікке өсті (27,9%) және 2013 жылмен салыстырғанда 195 113 бірлікке өсті (47,3%).

ШОБ субъектілері өндіретін өнімнің көлемі 2015 жылы атаулы түрде 134 млрд. теңгеге немесе 2014 жылмен салыстырғанда 3,5% (3799,8 млрд. теңге) және 3 665,8 млрд. теңгені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (2 159,7 млрд. теңге) 1 506,2 млрд. теңгеге немесе 69,7%-ға азайды.

ШОБ өнімінің нақты көлем индексі: 2015 жылы – 90,7%, 2014 жылы – 112,5%, 2013 жылы – 101%.

ЖӨӨ-гі ШОБ үлесі 2015 жылы 29,1%-ға жетті, ол 2014 жылмен салыстырғанда (33,9%) құрай отырып, 4,8%-ға азайды және 2013 жылдың (22,3%) деңгейіне 6,8%-ға өсті.



2.1.1.4.1. кесте. ШОБ негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

өлшем.бірл.

2013

2014

2015

Тіркелген ШОБ саны

бір.

224 831

251 912

241 103

Белсенді ШОБ саны

бір.

119 462

128 107

185 133

Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі белсенді ШОБ үлесі

%

53,1

50,9

76,8

ШОБ-тағы жұмыспен қамтылғандар саны

адам

412 571

474 864

607 684

ШОБ субъектілерінің өнім өндіруі

млрд. теңге

2 159,7

3 799,8

3 665,8

Дереккөз: «ҚР шағын және орта бизнес» Санақ жинағы, 2015
2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы іске асырылуда. 2015 жылы оның негізінде бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі – БЖК 2020) қабылданды және табысты іске асырылуда.

БЖК 2020 іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2013-2015 жылдары 12,5 млрд. теңге бөлінді.

Соңғы 3 жыл ішінде, несиелердің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау есебінен «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша шараларды іске асыру, 286-дан астам кәсіпкерге өздерінің жобаларын қаржыландыру шарттарын жақсартуға мүмкіндік берді, 57 кәсіпкерге кепілдік, 39 грант берілді, 9 кәсіпорынға инфрақұрылым жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде, аталған кезең ішінде 17 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды және қосымша 9 мың жұмыс орындары құрылды.
2.1.1.4.2. кесте. Жобалардың саны, құралдардың бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде ӨҮК


Қолдау құралдары

2013

2014

2015

3 бағыт бойынша субсидия бөлу

66

132

88

Кепілдік

8

33

16

Гранттар

16

11

12

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

8

1

-

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері

Сонымен бірге, қолдаудың басты бағыты кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылады. Қолдаудың аталған бағыты бизнесті жүргізу, сондай-ақ әлеуетті және ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу негіздеріне оқыту бойынша жобалар кешенін құрайды.

2013-2015 жылдары 4 мыңнан астам жаңа және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытудан өтті.

Оқыту құралдарының бөлігінде «Бизнес-Кеңесші I, II» қысқа мерзімді бизнес-жаттығуларында 3 867 тыңдаушы болды, шағын және орта бизнестің топ-менеджментті оқытуына 171 кәсіпорын басшылары қатысты, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 224 адам оқытудан өтті, оның ішінде, АҚШ және Германияның бейінді кәсіпорындарында шетелдік өтілден 29 адам өтті, «Аға сеньорлар» бағыты бойынша 4 адам және «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы бойынша 85 адам оқытылды.


2.1.1.4.3. кесте. Компоненттер бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде оқытылған қатысушылардың саны


Қолдау құралдары

2013

2014

2015

Бизнес кеңесші 1

1 416

1 375

750

Бизнес кеңесші 2

55

146

125

Топ-менеджмент оқыту

55

58

58

Іскерлік байланыстар

66

80

78

Аға сеньорлар

1

1

2

Жас кәсіпкер мектебі

-

85

-

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері
2.1.1.4.1 сурет. Жалпы тіркелгендер санындағы Алматы қаласының ШОК субъектілерінің үлесі, бірлік

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті

2.1.1.4.2. сурет. ШОК жұмыспен қамтылғандар үлесі


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Алматы қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің құрылымында шағын және орта кәсіпорындар басым болып келеді, алайда, әрекет етіп жүрген кәсіпорындар арасында жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) көшбасшылық орынды иеленіп келеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің салалық ерекшелігі қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басымдылығымен сипатталады. Үлестің аса көп бөлігіне сауда саласы ие болып отыр, бұл қаланың жалпы өңірлік өнімі құрылымының жалпы серпініне сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл сауда саласында жиі кездесетін жеке кәсіпкерлердің шағын және орта кәсіпкерлік құрылымындағы басымдығымен түсіндіріледі.



Шағын және орта кәсіпкерлік соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай өсу қарқынымен қалада жұмыс орындарын құрудың (қалада 838,5 мың жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 69,7%) аса маңызды көзі болып табылады.

2.1.1.4.3. сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Жалпы алғанда, «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдаудың көлемі кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдауды қоса алғанда, шамамен 10 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеудің жалпы көлемі 2013 жылдан бастап, 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде 229,0 млрд. теңгені құрады.
.
2.1.1.4.4. сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны, мың адам

ШОКжұмыспен қамтылғандар саны, мың адам



Шок жұмыспен қамтылғандар үлесі, пайыз

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қолайлы кәсіпкерлік жағдай жасау үшін жылына екі рет Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің мәжілістері өткізіліп тұрады. Негізгі назар Алматы қаласында әкімшілік кедергілерді жою, көлеңкелі экономиканың көлемдерін қысқарту кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға аударылады.

Алматы қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – КҚО) 2 орталығы табысты түрде жұмыс істейді, онда кәсіпкерлерге «бір терезе» тәртібінде қызметтер кешені ұсынылады, мемлекеттік қолдаудың нақты құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2015 жылы 1 418 кәсіпкерге бизнесті жүргізудің сервистік қолдауының шеңберінде қызметтер көрсетілді.



Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпкерлік сегменті қаладағы салықтардың және жұмыс орындарының (60%-дан астам) негізгі көзі болып қалып отыр. Осыған байланысты, қалада шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қалып отыр.

2.1.1.4.4. кесте. Шағын және орта бизнес көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлшем.бірл.

2013

2014

2015

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты өнім өндіру көлемінің индексі


%

101,0

112,5

90,7

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы

млрд.теңге

2 159,8

3 799,9

4202,3

Тіркелгендердің жалпы көлемі бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі

%

53,1

50,9

76,8*

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, 2015ж.

* Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шағын және орта бизнес субьектілерінің сандық көрсеткіштерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің деректерімен сәйкессіздіктерді жоюда ортақ тәсілдерді жүзеге асыру мақсаты, 2015жылдың 1 ақпанынан бастап «белсенді» субъектілерінің сандық индексі орнына «ағымдағы» жарияланады.
2013 жылдың деректері критерийлердің өзгеру себебінен салыстырып көру үшін қайта есептелді. 2014 жылдың деректері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тек жұмыспен қамтылғандар саны бойынша жатқызу критерийлері статистикасының мақсаты үшін пайдалануды көздейтін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі №36-V «Қазақстан Республикасының рұқсат беру құжаттарын қысқарту, сондай-ақ бақылау және мемлекеттік органдардың қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңы) енгізілуі есебінен келтірілді.

Сауда

Алматы жалпы республикалық сауда көрсеткішінде сауданың меншікті үлесі бойынша 1 орынды иеленеді. 2015 жылы сауда қаланың ЖӨӨ ең жоғары үлесін қамтамасыз еткен (35,6%), көтерме сауданың жалпы көлемі (7782,1 млрд. теңге, республикалық көлемнен 47,5%) бөлшек сауда көлемінен (1 754,0 млрд. теңге, республикалық көлемнен 27,5%) 4,5 есе артық болған. Көтерме сауданың жалпы республикалық көлемінің жартысынан астамы Алматы қаласында шоғырлануы негізінен тіркелген ірі компаниялардың қалада болуымен байланысты.

Бөлшек сауда құрылымында қарастырылып отырған кезең ішінде азық-түліктік емес тауарларды сату басым болған, бөлшек сауда айналымының 64,8% немесе 1137 млрд.теңге жуығын құраған.

2013-2015 жылдар кезеңінде бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі аздап төмендеген. Аталған үрдіс 2013 жылғы біршама өсуімен байланысты болуы мүмкін, бұл шақты салыстыру үшін жеткіліксіз.



2015 жылы өңірдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 68% астамы сауда кәсіпорындары арқылы (2013 жылы – 67,4%) іске асырылған, бұл қаладағы сауданың заманауи түрінің дамуымен байланысты. 2016 жылдың басында 5976 астам немесе 986,1 мың ш.м. (сауда орталықтарының жалпы ауданы) сауда нысандары жұмыс жасаған.
2.1.1.4.5. кесте. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Бөлшек сауда көлемі

млрд. теңге

1 416,

1 641,3

1 786,6

Республика көлеміндегі үлес салмағы

%

25,6

25,9

27,3

Көтерме сауда көлемі

млрд. теңге

7 080,5

8 035,8

8 168,7

Республика көлеміндегі үлес салмағы

%

49,5

49,6

50,3

Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі

мың. теңге

943,7

1 024,1

1 068,0

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

110,2

108,1

102,5

Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі

%

126,8

108,8

102,1

Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы, «2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР сауда және қызметтерді өткізу көлемі» ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені, 2015 жылғы

2.1.1.4.6. кесте. Бөлшек сауда құрылымы

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Бөлшек сауда көлемі

млрд.теңге

1 416,4

1 641,3

1 786,6

оның ішінде:













Азық-түлік тауарлары

млрд.теңге

283,1

362,4

363,7

Азық-түліктік емес тауарлар

млрд.теңге

1 133,3

1 278,9

1 422,9

Бөлшек сауда көлемі,

%

100

100

100

оның ішінде:













Азық-түлік тауарлары

%

19,9

22,0

20,4

Азық-түліктік емес тауарлар

%

80,1

78,0

79,6

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
2.1.1.4.7. кесте. Сауда секторлары бойынша бағамен көрсетілген бөлшек сауда

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда көлемі:













Сауда кәсіпорындары, млрд. теңге

млрд.теңге

954,1

1 152,3

1 206,5

Базарлар мен жеке кәсіпкерлер

млрд.теңге

462,3

489,0

580,1

«Бөлшек сауда» қызмет түрімен айналысатын сауда ауданы 2000 ш.м. кем емес сауда нысандарының санын арттыру, бірлік (БП)

бірлік

38

49

58


Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.4.8. кесте. Сауда нысандары

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Сауда нысандары саны, бірлік

бірлік

4 732

3 591

5 334

Жалпы сауда ауданы, ш. м.

ш.м.

712 218

737 502

949 813

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Сыртқы сауда
Алматы елдің сыртқы саудадағы импорт үлесі жоғары маңызды қалалардың бірі болып табылады. 2015 жылы республиканың сыртқы сауда айналымындағы қаланың нақты үлес салмағы 19% құрады, оның ішінде экспортта – 6,1% және импортта – 38,4% құрады

Қаланың сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден Одағы мемлекеттерін қоса алғанда) 2013 - 2015 жылдар аралығында 47,4%-ға азайды және 2015 жылы 14,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 40,4%, импорт 48,9%-ы құрады.



2015 жылдың қортындысы бойынша импорт қаланың сыртқы сауда айналымының 80,6% құрады.
2.1.1.4.6 сурет. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымы






2013

2014

2015

ҚР-да экспортүлесі,%


5,5




6,3




6,1



ҚР-да импорта үлесі, %


49




42




38


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті


2015 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуі негізінен нақты көлемдермен емес, 2014 жылғы ақпан айындағы және 2015 жылғы тамыз айындағы бағам үйлесімімен байланысты, бұл кезеңде ұлттық валюта девальвацияға ұшырап, бұл доллар бойынша көлемінің азаюына алып келген.

2015 жылы экспорт құрылымында үш санаттағы өнім басым: минералды өнімдер - 43%, (каучук және пластмассадан жасалғанды қоса алғанда) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларына - 25%, мал өнімдері мен өсімдік өнімдері дайын азық-түлік тауарлары - жалпы экспорттың 11%.


2.1.1.4.7. сурет. 2015 экспорттың тауарлық құрылымы. , млн АҚШ доллары.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті


Импорт құрылымында 3 санаты басым болып табылады: көліктер (жабдықтар мен көлiк құралдары) - 43%, химиялық өнімдер – 18%, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары - 12%.

2.1.1.4.8. сурет. 2015 жылғы импорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті.

Импорт өнімдері негізгінен ҚХР мен Ресей Федерациясы елдерінен болып табылады. Негізгі экспорттық бағыттар Украина, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы болып табылады.

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

2015 жылы Алматы қаласының көтерме сауда айналымының жалпы көлемі басқа өңірлермен салыстырғанда 1 378 601,9 млн. теңгені құрады. Алматы қаласының резиденттеріне 41% келеді, ҚР өзге облыстарының резиденттеріне – 9,2%, резиденттер еместеріне – 49,8%.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының өңіраралық ынтымақтастығы барлық салаларда ҚР-ың барлық өңірлерімен тығыз сауда-экономикалық байланыстарымен сипатталады. 2015 жылы Алматы қаласына ҚР-ың өзге облыстарынан 126 581,7 млн. теңгенің азық-түлігі жеткізілді.

Жеткізілетін өнімнің жалпы көлемінің 81,71% қала ішінде өндірілген тауарларды құрайды.

Алматы қаласының нарығына жеткізілген барлық өнімнің 9,65% Батыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Оңтүстік-Қазақстан облысынан жеткізілген тауарлардың үлес салмағы 3,10% құрайды, Қарағанды облысы – 1,66%, Солтүстік Қазақстан облысы – 1,46%, өзге өңірлер – 2,42% құрайды.


2.1.1.5.1. сурет – Алматы қаласындағы заңды тұлғалардан – ҚР резиденттерінен сатып алынған көтерме сауда тауарларының құрылымы






Дерек көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2015 жылы Алматы қаласынан ҚР-ың өзге өңірлеріне 189 092,8 млн. теңге сомасының өнеркәсіп өнімдері тиеліп жеткізілді, Алматы қаласынан жеткізілетін жалпы өнімнің – 14,59% Оңтүстік-Қазақстан облысына , Ақтөбе облысына – 13,35%, Қарағанды облысына – 11,69%, Қостанай облысына – 10,85%, ҚР өзге өңірлері – 49,52% жеткізілді.



2.1.1.5.2. сурет – Өнеркәсіп өнімдерін жөнелтудің құрылымындағы өңірлердің үлесі


Дереккөз: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
2.1.1.5.1. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- өсу драйвері бола алатын сервиске-бағытталған шағын және орта бизнестің үлесі жоғары дамыған экономика;

- ішкі сауданы дамыту үшін институционалдық негіздің болуы;

- елдің көптеген қалаларымен және жалпы Орталық Азиямен салыстырғандағы халықтың төлем қабілетінің жоғарылығы;




Әлсіз жақтары:

- кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;

- нарықта тұрақсыз жағдайға байланысты тәуекелдің жоғары деңгейі;

- сыртқы нарықтарға шағын және орта кәсіпорындардың шығу қиындығы;

- отандық кәсіпорындар өнімдері түрлерінің аздығы, оның шет елдік тауарларға қарағанда әлсіз бәсекеге қабілеттілігі.


Мүмкіндіктер:

- Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

- отандық өнімді өндірудің өсуі;

- әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

- көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;

- бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру;

- экспорт/импорттың сауданың реттелуін жетілдіру.


Қауіп-қатерлер:

- ұсақ сауда кәсіпорындарының ықтымал банкроттығы;


-шетелдік сауда желілерінің өнімдеріне сұраныс жоғары болғанда отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
- заманауи сауда форматтарының шағын бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.




Түйткілді мәселелер:

- қаржы ресурстарына қолжетімділіктің төмен деңгейі.

- бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің шаралары туралы кәсіпкерлерді хабардар етудің жеткіліксіздігі;

- айналым қаражатын толтыру бойынша сауда кәсіпорындарын екінші деңгейлі банктердің несиелеудің жеткіліксіздігі және т.б.;

- сауда нарықтарын жаңғыртуға кәсіпкерлердің ақша қаражатының жетіспеушілігі.
2.1.1.6. Инновациялар және инвестициялар
Инвестициялар
Алматы Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды аймақтарының бірі болып табылады, себебі қала қажетті еңбек, тұтынушылық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 482,9-дан 532,7 млрд. теңгеге дейін өсті.


2.1.1.6.1. сурет. Негізгі капиталға инвестициялар динамикасы, млрд. тенге

+10,3%

102,5

94,7

2,3








өткен жылдың өсу қарқыны, %
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2013 - 2015жылдардағы кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде қарыз және жеке қаражаттың үлесі төмендеді, мемлекеттік қаражаттың үлесі артты. Инвестицияның маңызды көлемі жылжымайтын мүлік операцияларына, өнеркәсіп, көлік және қоймалауға жұмсалды.

2.1.1.6.2. сурет. Қаржыландыру көздері және шығындар бойынша негізгі капиталға ивестициялар



Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

2013-2015 жылдардағы ЖӨӨ-ге негізгі капиталға инвестиция үлесі 6,4%-дан 6,2%-ға дейін төмендеген. Аталған үрдіс экономиканың өсіуінің бәсеңдеуімен байланысты:

Осы орайда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыр, сондай-ақ қаладағы қаражатты көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға стратегиялық серіктестерді тарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылуда .

Атап айтқанда:


  • Әкімдік муниципалдық секторға ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін тұрақты негізде халықаралық қаржы институттарымен (Еуроап даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және т.б.) ынтымақтастық жасасады;

  • Инвестициялық жобалар, халықаралық дипломатиялық және бизнес делегацияларымен кездесулер тізбесі жасалды.

2013-2015 жылдардағы инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестицияның үлесі құлдырау үрдісін байқатқан. 2015 жылы шетелдік инвестициялар көлемі 56,5 млрд. теңгені, негізгі капиталға жалпы инвестициялардың 10,6% -ын құрады.

Талданып отырған кезеңде инвестициялардың елеулі бөлігі құрылыс және күрделі жөндеуге, сондай-ақ машиналар мен жабдықтар сатып алуға жұмасалды.



2.1.1.6.3. сурет. Негізгі капиталға инвестицияның технологиялық құрылымы


Дереккөз: Алматы қаласы Статистикадепартаментінің Санақ жинағы
2.1.1.6.1. кесте. Инвестициялық қызмет көрсеткіштері


Атауы/жылдар

Өл. бір.

2013

2014

2015

Негізгі капиталға инвестиция

млрд.теңге

482,9

511,6

532,7

Өсу қарқыны

%

102,5

94,8

102,3

Қазақстан Республикасының көрсеткіштеріндегі инвестицияның үлес салмағы

%

8

7,8

7,6

Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестицияның үлесі

%

6,4

7,4

6,2

Дереккөз: Алматы қаласыСтатистикадепартаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы

2.1.1.6.2. кесте. Негізгі капиталға инвестицияны қаржыландыру көздерінің үлес салмағы


Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Негізгі капиталға инвестициялар

%

100

100

100

оның ішінде, қаражат есебінен:













Республикалық бюджет

%

13,5

21,9

22,2

Жергілікті бюджет

%

5,4

8,3

9,9

Меншік қаражаттары

%

59,2

54,7

50,7

Қарыз қаражаттары

%

21.9

15,1

17,2

Дереккөз: Алматы қаласы Статистикадепартаменті

Ғылым

Алматыда көптеген ғылыми мекемелер, жобалау институттары және жоғары оқу орындары орналасқан. Қаланы дамытудың алдында тұрған негізгі міндет ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу үшін ғылым, білім және өндірісті біріктіруді қамтамасыз ету болып табылады. 2013-2015 жылдардағы кезеңде кәсіпорындардың технологиялық инновация шығындары 3 есе артқан. Сонымен қатар 2015 жылғы ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындар 33,7 млрд. теңгені құраған, бұл елдегі жалпы жұмыстар көлемінің 48% болып табылады. ҒЗТҚЖ-ға ішкі шығындардың 75%-ы бюджет қаражатынан тұрады.

2015 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға төмендеп, 31,8 млрд. теңгені құрады. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде, қолданбалы зерттеулер шығыстарының үлесі - 55,5%, негізгі ғылыми-зерттеу - 30,8% және тәжірибелік-конструкторлық жобалау - 13,6% құрады.

Ішкі шығындарды қаржыландыру көздерінің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тартылған қаражат есебінен 79,9% ҒЗТҚЖ қаржыландырылды, өз қаражаты есебінен 20,1%.


2.1.1.6.4. сурет. ҒЗТҚЖ ішкі шығындары 2015ж., млрд. теңге және %
Қаржыландыру көздері бойынша ҒЗТҚЖ ішкі шығындары, млрд. теңге

Дереккөз: Алматы қаласыСтатистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы

Ғылыми-техникалық әзірленімдердің жеткіліксіз үлес салмағы кезінде, шығындардың айтарлықтай бөлігі қолданбалы зерттеулердің үлесіне тиеді.

2.1.1.6.5. сурет. ҒЗТҚЖ ішкі шығындары, млрд. теңге және %

54%

35%

12%

17%

54%

29%

13,6%

55,6%

30,8%

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2.1.1.6.3. кесте. Ғылым дамуының көрсеткіштері


Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Ғылыми-техникалық жұмыстарды орындайтын ұйымдар саны, бірлік

бір.

369

428

460

ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындары




30 991

35 369

33 670

Ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын мамандар саны, адам

адам

9 654

11 094

10 505

Дереккөз:Алматы қаласыСтатистика департаментінің санақ жинағы
Инновациялар

Ұлттық инновациялық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсімді, жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қамтамасыз ету, ғылымды қажет ететін өнімдер көлемін арттыру есебінен бюджетке түсімдерді ұлғайту, жаңа технологияларды пайдалану арқылы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болып табылады.

Мемлекет өңірдегі инновациялық дамуға қолдау көрсетеді. Осындай шаралардың бірі инновациялық және ғылыми-зерттеушілік әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыруға арналған «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру болып табылады.

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын салықтарды төлеуден босату түріндегі жеңілдіктер қарастырған. Негізгі мақсат жаңа технологияларды тарту, қолдау және ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация, электроника және құралдар жасау, ресурс үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану және т.б. салаларда жаңа кәсіпорындардың артуы болып табылады



2.1.1.6.7. сурет. «АТП» АЭА құрылысы

Дереккөз: Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы


«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр, бұл үшін коммуникациялар бар аумақ 169,2 га көбейтілген (қазіргі көлемі – 14 га). Қазіргі кезде 145 компания қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:

- 64 компания тікелей «АТП» АЭА аумағында жұмыс жасайды (18 өндірістік аймағы бар, 48 офисті кеңселерді жалға алады). Жұмыс істеп отырған компаниялар ішінде 18 кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс жасайды (Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Израиль, Қытай, Германия, Италия).


Арнайы экономикалық аймақтың АЭА дербес кластерлік қор – инновациялық кластердің атқарушы органы құрылған. Аталған қор қатысушыларды қолдауға арналған басқару органы түрінде болады. Инновациялық кластер қатысушыларының Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған жобалары Мақсатты қордан қаржыландыру құралдарын ала алады.

Сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дәрежесі біршама артады – Қамқоршылық кеңесін ел Президенті басқарады Назарбаев Н.А..


2.1.1.6.4. кесте. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2013

2014

2015

Жұмыс жасайтын кәсіпорындар санындағы инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

8,0

5,0

4,7

Инновациялық өнімдер көлемі,

млн.теңге

12 504

22 089

38 877

Жалпы Өңірлік өнім көлеміндегі инновациялық өнім үлесін арттыру

%

0,17

0,27

0,45

Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларына жалпы шығындар,

млн.теңге

33 686

50 891

42 134

Дереккөз:Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы



2.1.1.6.5. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, және т.б.)

- ғылыми – зерттеу және инновациялық әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыру үшін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру;

- инновациялық кәсіпкерлік және қолданбалы ғылым өңірлік орталығын құру.



Әлсіз жақтары:

- экономика өсуінің бәсеңдеуі және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі;

- қаланы басқарудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жеткіліксіз қолдану.


Мүмкіндіктері:

- шетелдік инвестицияларды тарту;

- инновациялық кәсіпкерліктің және қолданбалы ғылымның өңірлік орталығын дамыту


Қауіп-қатерлер:

- ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нарықтағы сұранысыынң төмендігі;

- алматылық кәсіпорындарының тартылатын инвестицияларға, технологияларға және адам ресурстарына тәуелділігі;

- отандық кадрлардың біліктілігінің төмендігі себебінен технологияларды импорттық алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы.




Түйткілді мәселелер:

- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі;



  • Қазақстан Республикасының аумағында бизнесті жүргізу үшін визаларды ресімдеудің қиындығы;

- Алматы қаласындағы инвестицияллардың келешегі туралы шетелдік іскер топтарының жеткіліксіз хабардар етілуі;

- технологиялық сипаттағы инновацияларға бизнесті қабылдау деңгейінің төмендігі;

-техникалық, инженерелік мамандықтар және инновациялық менеджмент бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;

- инновациялық жобаларды іске асырудағы бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет