Соңғы 3 жылда алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сәйкес жүргізілген өзгерту нәтижесінде қаланың денсаулық сақтау жүйесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді:
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға назар аударылады. Бұл ретте мамандандырылған және жоғарымамандандырылған медициналық көмек дамуда;
Ерте кезеңінде ауруды анықтау үшін профилактикалық скринингтік зерттеулер жүргізіледі (скринингтің 12 түрі);
Медициналық қызмет қолжетімділігі жоғарылауда және бірыңғай ақпараттық жүйе даму үстінде.
Бұл өзгерту денсаулық сақтауды дамытудың әлемдік тенденцияларына сәйкес жүреді және оң нәтиже берді 2013-2015 жылдардағы кезеңде:
Алматылықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға ұлғайды;
Бала және ана өлімі тиісінше 1,3 және 4,25 есе қысқарды;
Жалпы сырқаттану және өлім көрсеткіші жыл сайын тиісінше 9 және 5 пайызға қысқаруда.
2013-2015 жылдардағы кезеңде Алматы қаласы халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 73,66 жастан 75,2 жасқа дейін ұлғайды және дамыған елдермен салыстырғанда барынша жылдам қарқынмен өсу үстінде.Алматы қаласының көрсеткіші еліміз бойынша орташа деңгейден жоғары, ол 72 жасты құрайды, барынша дамыған қала деңгейіне жақындады. Келесі 10 жыл ішінде дамыған қалалар қатарына жетеміз, бірақ өткен жылдары өсу қарқындылығына байланысты, келешекте өмір сүру ұзақтығының өсу қарқыны баяулауын күтуге болады.
2.1.2.2.1. сурет Өмір сүру ұзақтығы
Өмір сүру ұзақтығы
(жыл.)
әлемдегі барлық елдердің орташасы
Ақпарат көзі: Дүниежүзілік Банк, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері
2013-2015 жылдарда Алматы қаласы халқының жалпы сырқаттану деңгейі барлық аурулардың кластары бойынша (жаңадан пайда болғандарынан басқа) оң динамика көрсетті, көрсеткіш жыл сайын орташа алғанда 9%-ға қысқарып отырды. Қан айналу, тыныс алу, наркотикалық бұзылулар мен жүктіліктің асқынулары, босанулар мен босанғаннан кейінгі кезең бойынша айтарлықтай қысқару болды, көрсеткіштер орташа алғанда 20-40 пайызға төмендеді.
2.1.2.2.2. сурет. Сырқаттану деңгейі
Тірек-қимыл жүйесінің аурулары және дәнекер тіндердің
Ас қорыту аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
Қан айналымы жүйесі аурулары
Алматы қаласында барлығы: 100 мың тұрғынға 131 505
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы; жұмыс тобының талдауы
Барынша кең тараған топтардың сырқаттану көрсеткіші еліміз бойынша орташа деңгейден жоғары, әсіресе жаңадан ауырғандар бойынша – 30%-ға, қан айналу жүйесі аурулары, наркологиялық бұзылулар, жүйке жүйесі аурулары, зәр шығару-жыныс жолдары - 30% асады, тыныс алу органдары - 16%-ға, ас қорыту органдары, эндокриндік аурулар, тамақтанудың бұзылулары және зат алмасу - 20%-дан асады. Жаңадан ауырғандардың; тыныс алу органдарының, ас қорыту, энокриндік жүйе ауруларының жоғары деңгейі қаладағы жайсыз экологиялық ахуалды және қауіп факторларының белсенділігін көрсетеді (дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, ішімдік ішу, спортпен шұғылданбау). Бірақ белгілі бір мөлшерде ол диагноз анықталған кезде науқастардың диагностикалық және консультациялық мүмкіндіктерінің барынша жоғары деңгейімен байланысты.
Сондай-ақ, халықтың тұмау және басқа да жедел тыныс алу жолдары инфекцияларымен ауыру жағдайы қысқарғаны туралы атап өткен жөн, бұл тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ оқу орны мен жұмыс орнында халықты белсенді вакцинациялауға байланысты.
Әлеуметтік аурулар динамикасы жақсаруда. Үш жылда халықтың туберкулездің белсенді формаларымен сырқаттану деңгейі 19%-ға қысқарды, бұл 100 мың адамға шаққанда 45,3 құрайды. 15-49 жас тобында адамның иммундық тапшылық вирусының таралуы 2013 жылы 0,477%-дан 2015 жылы 0,353%-ға дейін қысқарды және бекітілген 0,2-0,6% шегінде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |