А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;
В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;
С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.
Билеттердің саны – 30, әр билетте - 3 сұрақ.
1-2-сұрақ – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсы материалдарын қамтиды;
3-сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).
Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір балға кемиді).
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан
Емтиханда қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Барлық қажетті қосымша материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т. б.) мұғалімі дайындайды.