2017 жылғы 29 мамырда - Эссе –шығарма жанрының бір түрі
- Эссе шығармашылық еркіндігін көздейді. Оның барлық көркемдігі сонда, ол кез келген тақырыпта, кез-келген стильде жазылуы мүмкін, яғни, қалай, не туралы болса да. Өйткені, эссе - бұл естіген, көрген, оқығаныңыз бойынша сіздің ойыңыз.
-
- Эссенің бірінші кезегінде - автордың жеке басы, оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.
-
- Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.
- 1. Бай-сұлтандардың образдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романының атауымен қандай өзара қатынаста болады?
- 2. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат лирикасы.
- 3. Мен қазақ қыздарына қайран қалам (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша).
- 4. Туыстарға көңіл бөлу маңыздылығы жөнінде толғану.
- 5. Өзіндік дарынға қалай қарау қажет?
-
|