2019 – 2020 ж Мазмұны Баланың мектепке дайындық деңгейін анықтауға арналағн тесттер. «Балалардың мектепке ойдағыдай бейімделу шарттары» тақырыбына бірінші ата аналар жиналысына арналған тәрбие сағатының конспектісі


Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар



бет2/5
Дата05.04.2020
өлшемі95,38 Kb.
#61605
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 аралық бақылау


Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  1. «Ине мен жіп»

Жүргізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап түрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе, сол ойыннан шығады.


  1. «Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс:

1. Айлардың аттарын ата?

2. Жыл мезгілдерін түстерге байланысты ата?

3. Әр мезгілде неше ай бар?

4. Бір айда неше апта бар?

5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?




  1. «Кім қалай дыбыстайды?»

Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалдар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық, втоптары да өз топтарын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.


  1. «Не үлкен?»

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге аталған затты қайтадан айтуға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.




  1. «Сиқырлы қапшық»

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай сүстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып, қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей заттарды тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  1. «Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

  1. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырыпқояды. ( Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгереді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.


  1. «Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабан немесе бубунмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасынд тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.


  1. «Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады. (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бірнеше бөліктері болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, клемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын

сипаттап, әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.




  1. «Сөзді есіңде сақта»

Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап, қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.

1. көктем – жаңбыр

2. жаз – күн шықты

3. күз – тұман түсті

4. қыс – қар жауды

5 аспан – бұлт

6. су – балық

7. жер – шөп.



Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

  1. «Мен жеңімпазын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан, 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.


  1. «Құлақ - мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады.

Жұргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын – деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.




  1. «Өз орныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар.Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

14.«Дайын бол!»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат-шабады, құс – ұшады, ләйлек – бір аяғымен тұрады.


  1. «Зейінді бол!»

Балалар шеңберде тұрады.Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әртүрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиіссіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші әртүрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалыстарды бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса, ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.
Ойлауды дамытуға арналған ойындар


  1. «Мақтадағы менің орным»

Жердегі жатқан мақта үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.


  1. «Ойлан да аяқта»

  • Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

  • Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)

  • Екі бірден көп, ал бір ...(екіден аз)

  • Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолмен)

  • Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін)

  • Өзен арықтан терең, ал арық...(саяз)

  • Бала үлкейіп, ер адам болады, ал қыз... (әйел адам)

  • Пышақ та әйнек те ... (өткір)

  1. «Ойлан да аяқта!»

  • ат шабады, ал қарлығаш ... (ұшады)

  • ит үреді, ал қарға ... (қарқылдайды)

  • жылан жорғалайды, ал балық ... (жүзеді)

- қасқыр ұлиды, ал қой... (маңырайды)

түйе боздайды, ал жылқы ... (кісінейді)




  1. «Қарама-қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті. Мысалы: Ащы – тұщы, жақсы – жаман, қара - ..., күн - ..., аласа - ... .

Қай бала шатасып қалса, немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз ьбала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.


Қиялды дамытуға арналған ойындар


  1. «Менің көңіл-күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады. (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі т.б.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.


  1. «Жаңа ертегі»

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін айтады, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.


  1. «Теңіз жағасындағы түс»

Балалр теңіздің шуын тыңдап жатады (аудиожазба).

Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз, жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.




  1. «Сиқырлы дөңгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен ауызын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.


  1. «Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар


  1. «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады) Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).


  1. «Заттарды қабылдау»

Тәрбиешінің алдында биік-аласа мұнаралар, жуан-жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі (ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді) т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

1. Мұнаралар қандай? (биік немесе аласа)

2. Қарындаштар қандай? (жуан-жіңішке)

3. Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (оң, сол)

4. Мына суретте ағаш қалай орналасқан? (кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)

5. Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда)




  1. «Ұқсас суретті тап»

Тәрбиешінің қолында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі қайық, екі теледидар, екі тоңазытқыш, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптап таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгіміліп береді.


28 «Әр түсті заттар»

Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті айтады. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.


  1. «Уақытты қабылдау жаттығуы»

1. Тәуліктің уақытын ата.

а) Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)

ә) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішеміз, дем аламыз т.б.)

б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)

в) Түнде не істейміз (ұйықтаймыз)

2. Аптада неще күн бар?

3. Қандай күндер?

4. Жұмыс күндері қандай?

Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөздіесінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді,ол жаңа сөзді өзі батап ойынды жүргізеді.

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар
30. Балалар шеңберге тұрып, қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде барлығы бірдей қолдарымен шапалақ соғады.

31. «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай?»

Сендер көңіл-күйлерің жақсы дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңдерші.

1. Көңілді болғанда не істейміз?

2. Ренжігенде бұртияды, қабақ түседі.

3. Қорыққанда – көздерін жұмады.

4. Қуанғанда, көңілденгенде - күледі

5. Таң қалғанда – көздері шарасынан шығады.


32. «Шапалақты тыңда!»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлек сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.


33. «Қанша дыбыс естідіңдер?»

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен столды соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

34.«Айна»

Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі - бала. Жүргізуші белгіліл бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.


Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар

35. «Логикалық есеп»

Балалар ауызша есепке жауап береді.

1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады.?

2. Үстел үстінде 4 алма тұр. Бір алманы алып, ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

3. Қоянға, түлкіге,аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

4. Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындыфқ болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
36. «Болған жағдайды бағалау»

Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіпмазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалардан сол жағдайдың қойылуын сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.


37. «Көңілді сөз»

Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады. Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.)


38. «Өз іс-әрекеттерін бақылау»

Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап отыр, атасы газет оқып отыр, қызы ойнап жүр т.б.).

Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.

«Бірлік болса, тірлік болады» деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлікжасау керек екен. Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп айтып беріңдер.


Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
39. «Менің көңіл-күйім»

Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.


40. «Сиқырлы түс»

Балаллар көздерін жұмып, әуен ырғағымен демалады. Осылай демалып жатып, түс көреді. Кім түс көреді, сол тұрған соң баяндап айтып береді (әңгіме жануарлар жайында болады).


41. «Не істер едің»

Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар Көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып кетсең не істер едің т.б.


42. «Мен және менің болашағым»

Жүргізуші балаларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көздерін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.

Қысқаша әңгіме аяқталғаннан соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.
43. «Сиқырлы сазды әуен»

Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2-3 минут) Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.



  • майшаммен сурет салу

  • қылқаламмен

  • түрлі-түсті бормен

  • саусақтармен, алақанмен

(С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова т.б. «Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру» Алматы, «Қазақ университеті» 2003)

44. «Есімдер»

Жүргізуші: Барлығымыздың есімдеріміз бар. Мысалға мен, Индира Толқынбаевамын. Ал, сенің атың кім? Бір, екі, үш дегенде барлықтарың өз аттарыңды атаңдар.

Балалар тапсырманы орындайды. Қазақ халқында баланың есімімен қоса, жеті атасы болады.Ал, кейбір халықтарда баланың есімімен қоса, жеті атасы болады. Ал кейбір халықтарда оның бірнеше қорғаушысы болсын деген ұғыммен екі-үш есім беріледі екен.


45. «Айна»

Жүргізуші бір балаға айнаның алдына тұрып, не көріп тұрғанын айтып беруін сұрайды.



  • Сен не көріп тұрсың?

  • Жауап.

  • Өзіңнің есіміңді айнадан көріп тұрсың ба?

  • Жауап.

  • Жауаптар алынған соң жүргізуші былай деп қорытындылайды.

-Иә, адамның денесін көріп тұрмыз, есімін білеміз, бірақ есім бізге көрінбейді.

  • Есімдеріміз көзге көрінбесе де бір-бірімізді есімдерімізхбен атаймыз, яғни біздің атымыз да, біздің бір бөлігіміз болғаны ғой.

46. «Сүйкімді есім»

Бір бала өзіне ұстайтын сүйкімді есімді атайды, сосын оны барлығы қайталайды.

«Мен және менің есімім» атты тақырыпта суретті салу. Балалар өздеріне ұнаған түрлі-түсті қағаздың біріне, осы тақырыпқа сурет салады.


47. «Мейірімді ата-аналар»

Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: ер бала (әке-аю), қыз бала (ана-аю). Бесік жыры ойналады. Ана-аюда, әке-аюда өздерінің сүйкімді ұлдарын бөпелерін тербетіп отыр. Анасы аю баланы маңдайынан иіскеп, аймалап тербетсе, аю-ана, аю - әкесіне беріп, оның басын алақанымен сипалайды. Ал ана-оларға аялы көзімен қарап отыр.

«Менің жанұям» атты тақырыпта сурет салу.

Жүргізуші: Сендер жанұяларыңды ойлағанда, оған деген ішкі сезімдерді қай түспен бояңдар.


48. «Дұрыс, дұрыс емес!»

Жүргізуші: Мен сендерге бірнеше сөйлемдер айтамын, онымен келіссеңдер екі қолдарыңды көтересіңдер, келіспесеңдер тып-тыныш отырасыңдар.



  • Жанұя – бұл менің достарым және таныстарым.

  • Жанұя – бұл мен.

  • Менің ата-анам менен кішкентай.

  • Нағашы апам – бұл папамның мамасы.

  • Нағашы атам – бұл мамамның атасы.

  • Мен мамам мен әкемнің қызымын.

  • Мен мамам мен әкемнің ұлымын.

  • Барлық ададмға жанұя қажет.

Жүргізуші: Мен сендерді шатастырғым келіп еді, бірақ жаңылыстыра алмадым. Ақылдылырым менің! Адамға жанұя не үшін қажет екенін біліп отырғандарыңды байқап тұрмын. Міне, қазір түрлі-түсті қағазға, әркім өз жанұясының суретін салады. Балалар «Менің жанұям» тақырыбында сурет салып, оны талқылайды.
49. «Айдынның қуыршағы»

Жүргізуші матадан жасалған беті жоқ қуыршақ әкеледі.

Жүргізуші: Балалар! Бері қараңдаршы, мен қандай қуыршақ әкелдім! Оның аты Айдын екен, бірақ мен онымен таныса алмадым. Неге екенін кім айтар екен?

Балалардың жауабы.

Дұрыс, оның беті салынбаған. Егер біз оған бетін салып барсек, ол қуанып қалар еді ғой, ә балалар!

Ары қарай балалар сұрақтармен және тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Бет-әлпеттер қандай болады? Олар нені байқатып көрсетеді?

Алдыңғы сабақта көрсетілген баланың сезім-күйлерін балаларға салдырады.

Қалай ойлайсыңдар, Айдын бет-әлпетінің қандай болғанын қалар еді? Өткен сабақты еске түсіріп, Айдынның бет-әлпетін бейнелейік.

«Айыдынның бет-әлпеті» атты тақырыпқа суретсалу.

Балалар Айдынның беті-әлпетін қалаған көңіл-күйде қойып суреттейді.

Тапсырма орындалып біткен соң жақсы салынған Айдынның суретін таңдап, оған талқылама жасау.


50. «Ертегі шығару»

Жүргізуші: Мен сөйлем бастап, допты көршіме ұзатамын. Көрші отырған бала сөйлемнің мағынасына қарай байланыстырып, оны аяқтайды. Сендер білесіңдер ғой, сиқыршылар ойламаған, күтпеген нәрселерді істейді. Екі түрлі мағынаны білдіретін сөйлемдердің мағынасын байланыстырып, ертегі құрастыру.

І нұсқа: «Бір күні көшеден жүк машинасы өткенде...» сосын былай аяқталады: «сондықтан да Аяз-Атаның сақалы жасыл».

ІІ нұсқа: «Анасы дүкеннен балық сатып алды...» және «сондықтан да түнде жарықты жағуға тура келді».


51. «Жемістермен ұрысамыз»

Жүргізуші: Ұрысқанда, ашуланғанда ауыр жағымсыз сөздер айтқаныңды байқамайсың. Оны қою үшін, былай жасауға болады: Екі дос ұрысты делік. Екеуі де көңілге тиетін, ренжітетін сөздерді ұмытып қалды, тек жемістердің, балықтың, құстың, гүлдің атауларыесінде. Екеуі ұрысайын десе, ауыздарынан тек жемістің атаулары ғана шығуда. Жүргізуші екі баланы таңдап, рольдік ойынды ойнатады.



  • Орамжапырақ!

  • Өзі жасыл орамжапырақ!

- Ал, сен қиярсың!

  • Ал сен қызанақсың!

Сосын жүргізуші осылай ұрысқан қандай екендігін сұрайды. Әрқайсысы не сезінді. Бақырып ұрысқың келіп кетті ме? Оны бірнеше қатысушылармег қайталатқызады.
52. «Мейірімді сөздер»

Жүргізуші: Біз ренжітетін сөздерді ішімізде сақтауды үйрендік, енді мейірім туғызатын сөздерді ойлап табайық. Мына әдемі шарикті ұстап отырып, мейірімді сөз ойлап тауып оны көршіңе арнайсың. Шарикті қолыңа ұстап, азырақ ойлауыңа болады.

Үшінші түстің пайда болғанын балаларға көрсетіп, сосын тапсырманы талқылау.
53. «Ары-бері қозғалу»

Қатысушылардан үшеу таңд\ап алып, екеуі арасы 1 метр қашықтықта бір-біріне қарап тұрады. Аяқтарын кішкене ашып, нық басып тұрып, қолдарын алдына қояды. Ал үшіншісі сол екеуінің қолдарының арасында тұрады. «Аяғыңды еденнен жібермей артқа құла» деген бұйрықпен құлағанда, екеуі оны алға, артқа қарай бағыттап ары-бері қозғалтады. Барлық бала «ары-бері» қозғалғыштың орнында болса, өте жақсы әсер болады.


54. «Сыйлықтар мен сюрприздер»

Жүргізуші: Ыңғайланып отырып, иықтарыңды түзеңдер, қолдарыңды еркін қоюға тырысыңдар... Жаймен демалып, мұрын арқылы өкпеге барған ауаны сезініңдер... Көздеріңді жұмып, өздеріңді ормандамыз деп елестетіңдер. Қар ақырындап жаууда... Қар кірпігіңе, бетіңе тиіп еріп жатқанын сезудесің... Беттеріңді жоғарыға қаратыңдар... Қар жұмсақжәне кішкене мұздайлау... Ағаштар суықта жай ғана сыбдыр қағады... Бір дыбыс естілмейді... Ал енді асықпай ғана ертегідегі қысқы орманнан үйге қайтамыз. Үйде әрленген шырша тұр. Жақын арада жаңа жыл! Мерекеде сыйлықтар мен қонақтар көп болады. Сенің көңіл-күйің керемет деп елестет! Көздеріңді аша қойыңдар!

Балалар сұрақ бойынша жұмыс жасайды. Ойша жаңа жылдық шыршаны көргенде не сезіндіңдер?

Кім сыйлықтарды көрді?

Қандай сыйлықтарды көрдіңдер?

Сендер жиі сыйлық аласыңдар ма?

Жақындарың қай кезде сыйлық сыйлайды?

Ондай кезде қандай сезімде болсыңдар?

Ол жағымды әсер ме?

Сыйлық берген адам не сезінеді?


55. «Шу ұлғаюда»

Жүргізуші: Бүгін біз тіліміз бен тамағымызды сөйлетеміз. Өмірде Шуылдақ атты кішкентай бала өмір сүріпті. Ол тек «ш-ш-ш!» деп дыбыстауды ғана біледі екен, ол бірте-бірте өскен сайын, ол «ж-ж-ж» деген дыбысқа өзгере бастапты. Соңында Шуылдақтың дауысы «Ж-ж-ж-ж!» деген үлкен шуға айналыпты. Ал, қане Шуылдақтың өскенін көрсетейік.


56. «Йирасек-Керн» тесті

Бұл әдістемені бір оқушымен немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады: ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл тесттің тиімді жағы – балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталынады.


(Бастауыш білім, республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №1 2009ж.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет