2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы


Аббревиатуралардың толық жазылуы



бет4/5
Дата06.01.2020
өлшемі87,61 Kb.
#55441
1   2   3   4   5
Байланысты:
2019 жыл ы 15 с уірдегі №145 б йры ы (1)


 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ЖАО

Жергілікті атқарушы органдар

ДББҰ «НЗМ»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

АҚ біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы «Өрлеу»

«Бөбек» ҰҒПБСО»

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру - сауықтыру орталығы

ББ

Білім басқармасы

ЖБ

Жергілікті бюджет

РБ

Республикалық бюджет

МҚІСҚА

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚДАМ

Қоғамдық даму ақпарат министрлігі

ҰЭМ

Ұлттық экономика министрлігі

ЖОО

Жоғары оқу орны


Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


2019 жылғы 15 сәуірдегі

145 бұйрығы


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2019 жылғы 15 сәуірдегі

№ 145 бұйрығына 1-қосымша

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2019 жылғы 15 сәуірдегі

№ 145 бұйрығына 2-қосымша

 

2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері қабылдансын.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығының күші жойылсын.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә Мақсұтова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 



Министр К. Шәмшидинова
 2. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінің нормативтік базасын мыналар құрайды:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен);

- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518-IV 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен);

- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы(24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-IV Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);

- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы (Астана қ., 12 сәуір 2017 ж.);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл»;

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы (Астана қаласы 21 қараша 2018 ж.);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығыменбекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы.

 

 9. Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.



Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

Мақсаты: патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстанымы және ортақ ұлы ұлтқа қатысы бар патриот тәрбиелеу мақсаты болып табылатын «Отаным - тағдырым» (патриоттық), «Атамекен» шағын бағдарламасында берілген бағытқа лайық қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда Біртұтас Ұлттың жауапты Тұлғаға назар аудара отырып жастар қозғалысын қайта форматтау; қоғамның әртүрлі салаларында белсенді көрініс арқылы азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу; балалар бастамаларына қолдау көрсету арқылы көшбасшылықты қолдау; азаматтық белсенділікті және кіші Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту.

Бағалау критерийлері: Отанға, мемлекеттік жүйе, мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұраны), заң және тәртіпке; ұлтаралық және конфессияаралық келісім, елдегі достық; экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы өз елінің жетістіктері; басқа адамның құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары; өздерінің аймағының (ауыл, қала, маңайдағы) табиғаты, мәдени және тарихи өмірі; құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; заңдардың, құқықтардың және міндеттердің талаптары; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш пен жауапкершілік сезімін байыту.

Іске асыру тетігі:

1. Сабақтар, оқу пәндері, сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберінде ерлік, ар-намыс және қадір-қасиет туралы, Отанға адал қызмет көрсету, дебаттар мен пікірталас клубтарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақыратын патриоттық форумдар, іс-шаралар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және мемлекеттік нышандарының атрибуттарын білу бойынша конкурстар мен мектеп олимпиадаларын өткізу. Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да этникалық топтардың мәдени мұраларын, салт-дәстүрлерін зерттеуге арналған жергілікті тарихи экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметкерлер, әдебиет, өнер, ғылым, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот төрелігі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесулер; балалар және жастар бастамасы жобаларының жүйесін дамыту. Балалар мен жастар қозғалысын жандандыру; мемлекеттік қаражатпен бірлескен қызмет; әңгімелер, лекциялар, семинарлар, тренингтер; экскурсиялар; құқықтық ақпараттық материалдарды тарату; «Сенімді қызметтер» ұйымын, «Мен және заң» акциясын, «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» атты шараларды ұйымдастыру.

2. «Рухани жаңғыру» - «Жас ұлан», «Жұлдыз», Ұлы дала скауттары, жас патриоттар және т.б. құндылықтарға негізделген; «Сөз - тілдің көркі» (Білім алушыларға классиктердің және қазіргі заман ақындарының, қазақ ойшылдарының шығармаларын, тілдік фестивальдер, конкурстар, көркемөнерпаздар байқауын, айтыстар, пікірталастар және т.б ұйымдастыру) «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» (балалар бастамаларына қолдау көрсету); «Салауатты ұрпақ» (студенттік және мектеп білім алушыларының спорт лигасының дамыту) балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамыту.

Басты іс-шаралар: 1) «Атқа міну мәдениеті». Туристік-өлкетану маршруттары мен жарыстар, мұражайлар; 3) «Отан қорғаушы». Әскери-патриоттық клубтар құру; 2) «Алау». Патриоттық және әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізу; 4) «Белсенді жаз». Демалыс кездерінде әскери-спорттық, бейіндік патриоттық ауысымды ұйымдастыру; балалар және жастар қозғалысының көшбасшылары; 5) мектептерде тарихи және археологиялық қозғалыстар жүргізу.

 

Рухани-танымдық тәрбие.

Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» берілген бағыттардағы шағын бағдарламаға сәйкес қарастырылуы керек, «Жақсы кітап - жан азығы» жобасының мақсаты: туған өлкенің тарихы, мәдениеті және дәстүріне деген құрметі мен қызығушылығын ояту.

Қамтамасыз ету жолдары: рухани құндылықтарды насихаттау; қазақстандық мәдениетті насихаттау; білім алушыларды рухани және интеллектуалды даму құралы ретінде оқытуға қатыстыру; қазіргі заманауи танымал идеяларды, әлемдік экономикалық және әлеуметтік ой-өрістердегі үрдістерді зерттеуге жастардың қатысуын қарастыру.

Бағалау критерийлері: моральдық-этикалық нормалардың жалпыға ортақ нормаларына моральдық көзқарасын таныту; өз абыройы, ар-намысы мен міндеті; ішкі еркіндік пен моральдық шешім қабылдау; өзінің және басқа да ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары; діни құндылықтары; ойлары, сөздері мен істерінің бірлігін қабылдау; өзінің мінезін ар-ұжданның ішкі дауысымен мақұлданған әрекеттер; әртүрлі мәдениеттер мен нанымдардың бірлігін; халыққа адал қызмет ету; ата-аналарына, отанына, қоғам алдындағы міндетін жетілдіру.

Іске асыру тетіктері:

1. Оқудың білім беру әлеуетін нығайту арқылы: мектеп пәндері мазмұнының құндылықтарын біріктіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын дамыту және іске асыру, еріктілікті дамыту; педагогикалық кеңес, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» моральдық білім беру бағдарламасының мета-ағартушылық және білім беру рөлін нығайту, «Ұлы Жібек жолы» элективті курсында мектептегі рухани-адамгершілік білім беру сапасын бақылау, рухани-адамгершілік тәрбиелеу аясында қосымша тәрбие жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту.

2. Өңірлік бағыттағы клубтық бірлестіктердің жұмысын дамыту, виртуалды тарихи-өлкетану көрмелерін құру, өңірлік оқуларды, сағаттарды, акцияларды, фотокөрмелерді ұйымдастыру, тарихи, сәулет және естелік орындарға экскурсияларды ұйымдастыру, білім алушылармен «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында өздері мұражайдың экскурсия жетекшісі ретінде мұражай қызметкерлерімен кездесулерді ұйымдастыру, білім алушылар үшін тарихи-мәдени көрікті жерлер, өңірдегі археологиялық қазбалар, табиғат ескерткіштеріне, соның ішінде білім алушылармен өңірлерге, астанаға және керісінше бағытта бару бойынша қатысушылармен мәдени және туристік экскурсияларды ұйымдастыру, онлайн-конкурстарды, эссе жазу және сурет салу конкурстарын ұйымдастыру, туған өлкеге байланысты сұрақ-жауапта балалар мен білім алушыларға жүлделер және мадақтау сыйлықтарын беру; табиғи қорықтарды, су қоймаларын, өзендердің арналарын тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер ұйымдастыру.

Басты іс-шаралар: 1) сабақтан тыс уақытта танымдық тақырыпта сынып сағаттар, дәрістер, әңгімелесулер өткізу, танымдық тақырыпты қозғайтын жазушылардың шығармаларына байланысты конференциялар, әдеби пікірталастар өткізу; 2) қайырымдылық акцияларын өткізу; 3) еріктілер отрядының жұмысы; 4) театрларға, мұражайларға бару; 5) мектепішілік және өлкетану мұражайларындағы тарихи-археологиялық қозғалыс жүйесіндегі өлкетанулық іс-шаралар.

 

Ұлттық тәрбие.

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкес «Өлкетану» (өлкелік) «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына» ішкі бағдарламаның базалық бағытын қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: жастар туризмін зерттеу және өлкетану жұмыстарын дамыту; қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолданумен техникалық шығармашылықты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру; моральдық, рухани және гуманистік құндылықтарды тәрбиелеудің басымдығы бар адамдар арасындағы эмоционалдық және ұтымды қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін беру; қазақстандық патриотизм рухында жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері: туған және мемлекеттік тілдерді білу; этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке, өз халқының мәдени мұрасына, қазақ және өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы мақтаныш сезімін және жауапкершілігін көрсету; Қазақстандағы өзге ұлттардың этникалық мәдениеті; Қазақстанның басқа этникалық топтарының мәдениеті; этносаралық татулық пен келісім.

Іске асыру тетіктері:

1. Оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс қызметте жалпы адами және ұлттық құндылықтарды кіріктіру сабақтары. Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; Қазақстан Республикасының рәміздерін білу, қазақ халқының мемлекеттік тілі, мәдениеті мен дәстүрлері, Қазақстан тарихы, жергілікті тарих және т.б. туралы фестивальдар мен байқаулар өткізу.

2. «Менің Отаным - Қазақстан» (жастар туризмін және жергілікті өлкетануды дамыту, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастыру).

3. «Тарих мұра», «Өз жеріңді таны» (жергілікті білім беру мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу).

4. «Табиғат бесігі» (туған өлкеге жауапкершілікпен және аялап қарау)

Басты іс-шаралар: 1) «Туған өлке тарихы». Білім беретін оқу орындарында мұражайларға, өлкенің мәдени-тарихи орындарында барып факультатив сабақтарын, арнайы курстарды, үйірмелерді өткізу. 2) «Ұлы дала тұлғалары». Өлкенің тарихын, маңызды оқиғаларын, белгілі тұлғалардың тарихын білу бойынша зияткерлік іс-шаралар; 3) «Мақтанышым - Астанам». Олимпиадалардың, байқаулардың, конкурстардың жеңімпаздарына арналған Астана қаласына сапарлар ұйымдастыру; 4) «Туған өлке соқпақтары». Туристік-өлкетану маршруты мен сайысы. 5) «Менің Отаным - Қазақстан». Жас өлкетанушылардың, туристердің және экологтардың жыл сайынғы өңірлік, республикалық слеттер мен форумдары; 6) «Алтын адам». Мұражайдағы сабақтар; 7) «Қайнар бұлақ». Балалар мен жастар қозғалысы; 8) «Отбасымен бірге». Ата-аналық қозғалыс; 9) «Реликвия». Тарихи құжаттарды, жанұялық мұраларды, материалдық мәдениет заттарын, картиналар мен басқа да экспонаттарды мұражайға өзбетінше тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізу; 10) өлкетану мен жастар туризмінің рөлі туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру және орнату; 11) «Бабалар мұрасы». Өнер және қолөнер туындыларының Республикалық көрмелері; 12) Сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар: «Ұлттық тарихтағы уақыт пен кеңістік», экскурсиялық (сырттай, oн-лайн) «Ботай» мәдени мұра бағдарламасы; «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен қазіргі жаңалықтары»; 13) Ұлы ойшылдардың, ақындардың және Ұлы даланың әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сынды тұлғалары мен қазіргі әдебиеттегі, музыкадағы, театр мен қолөнердегі шеберлердің бейнелерін меңгеру.

 

Отбасылық тәрбие.

Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасын қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: Оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау; білім беру мекемелерінде кітап алмасу үшін арнайы орындарды ұйымдастыру - буккросингов; білім алушылар мен үлкендер арасында (кітапханашы, мұғалім, ата-ана, білім алушы) кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде (ертегілер, аңыздар, мысалдар, хикаялар, эпостар) бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.

Критериалды бағалау: Өзінің жанұясы мен ұрпақтарына; отбасы құндылықтары мен моральдық қағидаларды сақтау арқылы отбасы мен неке құндылықтарына этноәлеуметтік рөлге құрмет көрсету, қастерлеу.

Іске асыру тетіктері:

1. Білім беру ұйымдары Қамқоршылар кеңесі және ата-аналар комитеттері; Репродуктивтік денсаулық орталықтары, мамандардың консультациялары, бірлескен отбасылық іс-шаралар; «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде ата-аналарды оқыту, жастар мен ерлердің мінез-құлық мәдениеті туралы сұхбат алу, жоғары сынып білім алушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Отбасылық өмірдің этикасы» бойынша элективті курстар ұйымдастыру; білім беру ұйымдарының қызметіне ата-аналардың қатысуы; әкелердің, әжелердің клубтары; ақсақалдар кеңесі; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, жалпыға бірдей білім беру; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру; өтеусіз негіздегі қосымша білім беру мекемелеріне балалар мен жастарға қолжетімділікті ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, конкурстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстары; кітап көрмелерін және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын ЖОО» жарыстары өткізілді.

Басты іс-шаралар: 1. «Буккроссинг». Кітап алмасу үшін арнайы орындар ұйымдастыру; 2. «Қадірлі сыйлық». Кітапханаларға кітаптарды ерікті түрде тапсыру үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру; 3. «Кітапхана - білім ордасы». Студенттердің кітапхана қызметкерлерімен, студенттік үйлердегі әдеби кештер және студенттік демалыс орталықтарында кездесулер ұйымдастыру; 4. Отбасылық оқуға арналған кітаптар, альбомдар, буклеттер, фильмдер, бейнематериалдар және т.б. ұйымдастыру.

 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру керек.

Қамтамасыз ету жолдары: болашақ мамандықты таңдау барысында білім берушілерге кәсіби бағдар беру және олардың даралығы мен жеке ресурстарынан хабардар ету; көркем және сәндік өнер арқылы білім алушылардың ішкі шығармашылық әлеуетін және жеке қабілеттерін дамыту; «Қазақстан - алма және қызғалдақтың Отаны» қазақстандық флораны зерттеу; экологиялық проблемаларды жетілдіру, баламалы энергияны пайдалануды танымал ету.

Критериалды бағалау: кәсіптік білім мен өнімділікті дамытуға жауапты қатынастың көрінісі; мамандық таңдаудағы жауапкершілік; қызмет орнында көздеген мақсаттарына жету; экономикалық және экологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына деген оң көзқарас; өсімдіктерге, экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, айналаңыздағы адамдар және өзіңізге құрметпен қарау; «адам - қоғам - табиғат» жүйесі; қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі іс-шаралар; нарықтық экономиканың заңдарын түсіну; экологиялық қауіпсіз мінез-құлық нормаларына, қоршаған ортаны құрметтеуге деген саналы көзқарастың көрінісі.

Іске асыру тетіктері:

1. Сабақ барысында, технология сабақтарында, қосымша білім беру, сыныптан тыс, сабақтан тыс қызметтегі еңбек тәрбиесі. Сенбіліктер, кәсіпорындарға экскурсиялар, тәлімгерлермен кездесулер, инноваторлар, табысты кәсіпқойлар, тәлімгерлік, дуальды білім беру, кәсіби біліктілік байқауы, студенттік құрылыс және педагогикалық ұжымдардың қызметі. «Өмір мен мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынақтар» жобаларын жүзеге асыру. «Технология» пәні материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу семинарлары мен зертханалар. «Жасыл ел» қозғалысында және «Өзін-өзі тану» ҰҚО-ның волонтерлік қозғалысына қатысуы барысында экспедицияларға қосымша білім алу, өз елінде тұрған волонтерлермен білім беру ұйымдарын, аудандық, қалалық, жасыл алаңдарды көгалдандыру және жетілдіру, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, қалдықтардың табиғи аумақтарын қоқыстан тазарту.

2. «Мамандықтар әлемі» (кәсіптік бағдарлау, болашақ маманды таңдау); «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» (Қазақ жеріндегі металдарды өндіру әдістерінің өнертабысы жаңа тарихи дәуірді ашып, адам дамуының даму жолын түбегейлі өзгертті). «Алтын Қазына» (көркем және декоративті-қолданбалы өнерді дамыту), «Үлкен өнертабысқа алғашқы қадам» (техникалық шығармашылық және робототехниканы дамыту), «Дарындылардың елі» (театрлық қызмет және музыкаға кіріспе), «Кітап - білім бұлағы» (кітаптың мәртебесін көтеру, «кітап оқуды сәнге айналдыру», өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау), Business» (кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру), «Отбасы әлемі» (отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық ғибадатты сақтау), «Ұлы дала жастары» (ЖОО жүйесі мен «Болашақ» бағдарламасы жастарының азаматтық өзін-өзі тануды тарату)

Басты іс-шаралар: 1) қалада тұрып жатқан білім алушыларға арналған «Бір апта ауылда», «Бір апта қалада» жобасы.

2) «Мерей» ауылды мекенде тұрып жатқан білім алушыларға арналған жоба. Қала және ауыл мектептерінің жоғары сынып білім алушыларына мамандықта жетістікке жеткен азаматтар үшін шеберлік-сыныбы; 3) «Шеберлер қалашығы». Республикалық қолөнершілер фестивалі; 4) «Нәтиже» Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тануы, сауалнамаларды алу процестерінің тиімділігін нәтижелік мониторингі; 5) «Жаңару» кәсіптік алдын ала және арнайы элективті курстардың жаңартылған мазмұны; 6) «Ізденіс». Бейіндік бағыттағы зерттеу жобаларының конкурсы; 7) «Тәжірибе алаңы». Өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдарында мектеп білім алушыларына арналған тәжірибе алаңдары; 8) Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тануда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет