2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



бет5/5
Дата06.01.2020
өлшемі87,61 Kb.
#55441
1   2   3   4   5
Байланысты:
2019 жыл ы 15 с уірдегі №145 б йры ы (1)


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аталған бағытқа сәйкес «Қазіргі кездегі қазақ мәдениеті» атты арнайы жобасында қарастыру.

Қамтамасыз ету жолдары: ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, тілді, және музыканы, әдебиетті сақтау және тарату; қоғамдық сананы жаңғыртуға және өз қызметінде соған бағыттауға негізделген әлеуметтік -гуманитарлық құндылықтарды меңгеру және түсіну.

Бағалау критерийлері: толеранттылық пен жаһандық ойлауға көп мәдениетті және көп тілді; мемлекеттік, ресми және басқа да шет тілдерін білетін, мәдениетаралық байланыс; әртүрлі мәдениетке, сол немесе өзге де мәдени орталықта өзін-өзі ұстау нормаларына; тілдік және сөйлеу мәдениеті; эстетикалық идеалға, көркем құндылықтарға; шығармашылық ойлау және елестету, көркем эстетикалық қызмет, құрмет көрсету қарым-қатынасын қалыптастыру;

1. Сабақтар, өзін-өзі тану бағдарламасының барлық мәдениеттердегі жалпыға ортақ адами құндылықтардың бірлігін анықтауға, жастардың мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлілігіндегі бірлігін көруге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау. Үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесу, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру.

2. «Әдебиет», «Театр, кино және хореография», «Классикалық және дәстүрлі музыка», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер» жанрлық бағыттар бойынша шорт-парақтары. Біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі ұлы дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын - ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру.

Басты іс-шаралар: 1. «Жануарлар үлгісіндегі өнер» (үйірмелер, мұражайлар және клубтар). 2. «Түркі әлемінің бесігі». 3. Мектеп мұражайларына, тарихи құжаттарды кітапханаларға, отбасылық мұраларды, мәдени заттарды, картиналар мен басқа да экспонаттарды, «100 кітап» сериясынан алынған кітаптар және тағы басқаларды ерікті түрде беруге арналған қайырымдылық акциялары.

 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық санасын жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Қамтамасыз ету жолдары: цифрлық экономика үшін құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту; әлеуметтік белсенділіктің артуы, OnlineLab цифрлық модельдері, интерактивті өзара әрекеттесу, Online Driver Model және т.б.

Бағалау критерийлері: өмір бойы білім алу үшін икемділікті, ашықтықты талап ететін; өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу; сыни тұрғыдан ойлау, алынған ақпаратты талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту; зерттеу және жобалау іс-әрекеті, инновацияларға қабілеттілігі дағдыларын меңгеру; пікірталасты жүргізу дағдыларын дамыту; жасампаздық қызмет; командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту; ақпарат көздерін сыни тұрғыдан іріктеу; Интернет-қоғамдастығына қосылу; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру; Интернет-сауаттылықты, сандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; ақпараттық қызметтегі этикалық нормалар; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы жаңа дағдылар.

Іске асыру тетіктері:

1. Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен сабақтар, мектеп және желідегі дебаттық турнирлер, балалармен және жастармен бірлесіп атқаратын жобалық жұмыстар; сабақтан тыс жұмыстар, балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әртүрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл пәндерін «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Зияткерлік ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп және студенттік медиа орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды танымал ету. Психометриялық және социометриялық тестер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту бағдарламалары.

2. Бағдарламалау негіздерін енгізу: сандық технологияларды меңгеру арқылы сандық сауаттылығын арттыру. Кәсіпкерлік пен бизнесті енгізу. Техникалық бағыттары бойынша олимпиадалар мен конкурстар өткізу. Балалардың қосымша білім беру бағдарламасына жаңа әдістемелерді, сандық технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған SMART және STEM - элементтерді енгізу.

Басты іс-шаралар: 1. АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобалары. 2. Кітапхана жүйесіндегі электрондық каталогтармен жұмыс жүргізу. 3. Онлайн және офлайн режимдерінде өлкетану, әлеуметтік жобаларды және т.б. игеру. 4. ІТ-технологияларды, бағдарламалау тілін, робототехниканы меңгеру бойынша үйірмелер мен клубтарда сабақтар өткізу. 5. Тәрбиелік және басқа да іс-шаралардың аудио және бейнематериалдарын әзірлеуде сандық білім беру ресурстарын (ЦБР) пайдалану.

 

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.

Аталған бағытқа сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағытын қарастыру қажет.

Қамтамасыз ету жолдары: білім беру ұйымдарының тәжірибелік-бағытталған тәрбие ортасын құру; белгілі бір артықшылықтар алу арқылы білімді түрлендірудің жеке тәжірибесін жинақтау; өмірлік дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге, ойын және еңбек іс-әрекеті арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері: денсаулық жағдайының скринингін; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерін тілеу және соған дайын болу; теріс әсерлерге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеру; табиғи алғышарттарды ұтымды пайдалану; денсаулықты сақтау мен нығайту, қауіпсіз және жауапкершілікті мінез-құлық; жаңа өмірлік жағдайларға сабырлы болу; қауіпсіздік пен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ортасын құру.

Іске асыру тетіктері:

1. Сабақтар, дене шынықтыру сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорт секциялары мен үйірмелерін өткізу, «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде репродуктивті денсаулық, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және салауатты өмір салтының негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстарын, семинар-тренингтерін өткізу; Денсаулық фестивальдары, спартакиадалар, қауіпсіздік бағыттары; ақпараттық-насихаттау материалдарын әзірлеу және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру.

2. Білім алушыларды спорттық іс-шараларға, спорт клубтарына, бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлерін спорт федерацияларымен өзара іс-әрекет арқылы тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Көптеген спорт түрлері бойынша мектеп пен студент лигаларын дамыту.

Басты іс-шаралар: 1. Үйірмелер, секциялар, клубтар жұмысының оң тәжірибесін тарату, салауатты өмір салтын, сауықтыру жүйесін насихаттау үшін жобаларды енгізу. 2. Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, ЖҚЕ, қауіпсіздік техникасы, суицидтің алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асырудың түрлі форматтағы іс-шаралары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет