«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Сынып Оқу мақсаттарының саны



бет107/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар саны

Модельдеу жұмыстарының саны

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген оқу жүктемесіне ҮОЖ

10

62

49

8

4

4

3

11

45

35

13

4

2

2

Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақ өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.

Төмендегі кестеде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10-11- сыныптарға арналған зертханалық жұмыстардың саны ұсынылған.
77-кесте. «Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны


Сыныптар__Зертханалық_жұмыс_саны__Модельдеу_саны'>Сыныптар

Зертханалық жұмыс саны

Модельдеу саны

ҚГБ 10 сынып

5

1

ҚГБ 11 сынып

7

2

Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 78-кестеде көрсетілген.
78-кесте. 10-11-сыныптардағы «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны


Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ЖМБ 10 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 10 сынып

2

3

3

3

ЖМБ 11 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 11 сынып

2

3

3

3

«Химия» оқу пәні

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген.

Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген.

«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.

Негізгі міндеттері:

1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);

2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;

3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;

4) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзыреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:


  • заттардың бөлшектері;

  • химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

  • химиялық реакциялардың энергетикасы;

  • химия және қоршаған орта;

  • химия және өмір.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, тек қана оқу мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (79-кесте).
79-кесте. Оқу мақсаттары, зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар саны


Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар саны

Практикалық жұмыстар саны

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген оқу жүктемесіне ҮОЖ

10

122

90

9

6

4

3

11

135

113

13

8

4

2

«Химия» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушыларға химиялық үдерістердің өту жағдайларын түсінуге және алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде қолдануға үйретуді көздейді. Бағдарлама химиялық процестердің, заңдардың, заңдылықтардың мәні мен рөлін және оларды күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану ережелерін білуге бағытталған.

Химияны оқыту білім алушыларды олардың айналасында болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнін түсінуге ынталандырады.

Пәнде оқытудағы оқу-танымдық қызметтерге талдау және жинақтау, тәжірибе, сызбалармен жұмыс істеу, мәселерлерді шешу сияқты әрекеттер кіреді.

Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада қауіпсіз зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдер, үйдегі химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу дағдыларын және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарастырылған.

Кестеде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған зертханалық және практикалық жұмыстардың саны берілген (80-кесте).


80-кесте. Зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар және көрсетілімдер саны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет