«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет105/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География», «Биология», «Химия».

Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәні бойынша оқу жүктемесі 71-кестеде көрсетілген.

71-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі

Пәннің атауы



Сынып


Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)


Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)




апталық

жылдық

апталық

жылдық




Физика

10-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




10-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




11-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




11-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




Химия

10-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




10-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




11-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




11-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




Биология

10-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




10-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




11-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




11-сынып (ҚГБ)

2

68

2

68




География

10-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




10-сынып (ҚГБ)

3

102

3

102




11-сынып (ЖМБ)

4

136

3

102




11-сынып (ҚГБ)

3

102

3

102





«Физика» оқу пәні

Физика курсын оқу мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудыңнегізгі міндеттері:


  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;

  2. білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары қысқартылған (72-кесте).
72-кесте. Оқыту мақсаттары


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

10-сынып

Кинематика

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.

№ 2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»



10.1.1.11 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу

Динамика

№ 3 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»



10.1.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау

Әртүрлі ортадағы

электр тогы



Электронды-сәулелік түтікше

10.3.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру

11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

Айнымалы ток

№ 1 Зертханалық жұмыс.

«Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»



11.4.3.13 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.14 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Толқындық қозғалыс Гюйгенс принципі.


Механикалық толқындардың дифракциясы


11.5.1.4 - Гюйгенс принципін және механикалық толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың шарттарын түсіндіру

Толқындық оптика


№ 3 Зертханалық жұмыс

«Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»



11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен эксперимент арқылы анықтау

Геометриялық оптика

Оптикалық құралдар

11.6.2.8 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

Атомдық және кванттық физика

Спектрлер. Спектрлік құралдар. Спектрлік анализ

11.8.1.2 - спектрлік құралдардың жұмыс істеу принципін және олардың қолданылуын сиппаттау

де Бройль толқындары

11.8.1.19 - де Бройль болжамын түсіндіру

Космология

Күн-Жер байланыстары


11.10.1.4 - Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану

Әлемнің кеңейуі

11.10.1.9 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып, Әлемнің жеделдеуi туралы болжамды талқылау


Жалпы орта білім беру деңгейінде «Физика» оқу пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында физиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, пәннің білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралытүсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптар үшін «Физика» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны сақталған және оқыту мақсаттары жүйеленген.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.

Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның) сәйкес жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 73-кестеде көрсетілген.


73-кесте. «Физика» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны (жаңартылған мазмұн)


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

ЖМБ


3

3

3

2

10-сынып

ҚГБ


2

3

3

1

11-сынып

ЖМБ


2

2

3

1

11-сынып

ҚГБ


1

1

2

1

Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 74-кестеде көрсетілген.


74-кесте. «Физика» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны (төмендетілген оқку жүктемесі)


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

ЖМБ


3

3

2

2

10-сынып

ҚГБ


2

2

2

2

11-сынып

ЖМБ


2

1

3

1

11-сынып

ҚГБ


1

2

2

1


«География» оқу пәні

«География» интеграциялық ғылым ретінде жаңа салаларды қамтиды. «География» пәні мұғалімінің жұмысы енді ақпараттық технологиялар мен геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.

«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.

Пәннің міндеттері:



  • оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;

  • геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;

  • оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;

  • оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

  • геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.

«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:

1) географиялық зерттеу әдістері;

2) картография және геоинформатика;

3) табиғатты пайдалану және геоэкология;

4) геоэкономика;

5) геосаясат;

6) елтану;

7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.

Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 75-кесте көрсетілген.
75-кесте. 10-11-сыныптардағы «География» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны


Сынып

Жиынтық бағалау саны

бөлім/ортақ тақырып үшін



1-тоқсан

2-тоқсан

3 -тоқсан

4 -тоқсан

10-сыныпЖМБ

3

1

2

2

10 -сыныпҚГБ

3

1

2

2

11-сыныпЖМБ

3

1

2

2

11-сыныпҚГБ

3

1

2

2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет