«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет18/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Білім алушылардың санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру критерийлері болып негізгі заңдарды білу, оларды түсіну және міндетті түрде мүлтіксіз орындау; құқыққа, заңдылыққа құрмет көрсету; алған білімдерін күнделікті өмірде практикада өз бетінше, өз орнына қолдана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық әдетін қалыптастыру болып табылады.

Жоғары сыныптарда оқушыларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, құқыққа қарсы мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы айту қажет.

Білім алушылар «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша зерттеу мәселесіне айрықша назар аудару маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет