Білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі кемшіліктерін толықтыру жұмысының ерекшеліктері
Тілдік пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде тыңдалым мен айтылым дағдыларын (тыңдалған материалды мазмұны, құрылымы, сөйлеу логикасы тұрғысынан бағалау; назар аудару үшін тілдік құралдарды пайдалану; нақты жағдайда сөйлеу нормаларына сәйкес сөйлеу мінез-құлқының моделін пайдалану; қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын ескере отырып, негізгі ойды анықтау; пікірталасқа қатысу, өз ұстанымын дәлелдеу) қалыптастыруға, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін, сауаттылықты дамытуға назар аудару қажет.
«Математика» пәнінің 5-6-сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес рационалды сандар және оларға амалдар қолдану қарастырылады.Сондықтан, осы сыныптардағы олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс жоспарын құру кезінде рационал сандар бойынша арифметикалық амалдарды орындауға, мәтіндік есептерді шешуге назар аударған жөн.
«Информатика»пәні бойынша білімдегі олқылықтарды толтыру кезінде таңдау алгоритмі, параметрі бар цикл, шарттары бар цикл және т.б. қалай орындалатынын түсіндіруге арналған материалдарды қайталау қажет.
Шектеу шаралары кезеңінде білім алушылар жіберген негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру үшін каникул уақытында ниет білдірген білім алушыларға қосымша сабақтар мен жазғы мектеп ұйымдастырылуы мүмкін.
Әдістемелік ұсынымдарда 1-11-сыныптардың барлық оқу пәндері бойынша оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары анықталып көрсетілген.
Жазғы мектепті ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген.
|
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде «Жазғы онлайн-мектеп» жобасы жұмысын ұйымдастырды (жоғары технологиялық студия базасында сабақтар түсіріліп республика мектептеріне тікелей эфирде ұсынылды). Бұл жоба 2021-2022 оқу жылында «Ыбырай онлайн-сабақтары» атауымен жалғасатын болады.
Онлайн-сабақтар YouTube каналында орналастырылған.Онлайн-сабақтарға сілтеме қосымшада берілген (3-қосымша).
|
Педагогтерді жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылға 31 наурыздағы №24-VII ҚРЗ негізінде жүргізіледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2100000024
Мектепішілік бақылау аясында мұғалімнің сымбатына назар аударылып«Мұғалім сымбаты» тақырыбында дәрістер, көрсетілімдер, конкурстар ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалім сымбатының квалиметриялық моделін құрайтын төмендегідей өлшемшарттар ұсынылады:
1. Дене бітімі. Айналасындағы адамдарға өнеге болатындай тартымды, сүйкімді, сымбатты дене бітімін сақтау.
2. Киім кию мәнері. Педагогтік қызмет атқаруға лайық кәсіби-іскерлік стильде киім кию үлгісін сақтау.
3. Келбеті.
4. Жүріс-тұрыс мәнері.
5. Қарым-қатынас мәнері: педагогтік қызмет аясында (оқушымен, ата-анамен, әріптестермен) сыпайылық, кішіпейілдік, толеранттық таныту және ортақ мүддеге жеткізетін иекемді қарым-қатынас жасау мақсатында мәдениетті сөз саптауды, сөйлеу мәнерін, сарынын, екпінін, ырғағын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |