Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарификациялауды жүргізу оқу процесін жоспарлаудың негізгі параметрі болып табылады.Тарификациялық комиссия жұмысын ұйымдастырудың келесі тәртібі ұсынылады.
Тарификациялау – бұл мектеп мұғалімдерінің білім деңгейіне, біліктілігіне, орындалған жұмыс көлеміне, сондай-ақ олардың жұмысының тиімділігі мен сапасына байланысты жалақы белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Тарификациялық комиссия:
Мектеп мұғалімдерін тарификациялаудан өткізуді дайындау және жүргізу үшін тұрақты жұмыс жүргізетін тарификациялау комиссиясы құрылады.
Тарификациялық комиссия құрамына кемінде үш адам тағайындалады. Комиссия құрамына директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, пәндік әдістемелік бірлестіктердің басшылары, бухгалтер, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы кіре алады.
Тарификациялық комиссияның төрағасы мектеп директоры болады.
Тарификациялық комиссияның дербес құрамы және тарификация жүргізу мерзімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Тарификациялық комиссияның жұмыс тәртібін комиссия төрағасы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |