«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет108/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Сынып

Зертханалық жұмыстар

Практикалық жұмыс

Көрсетілім

10 класс (ҚГБ)

10

3

8

11 класс (ҚГБ)

8

2

7

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 81-кестеде көрсетілген.


81-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

10-сынып, ЖМБ

3

3

3

3

10-сынып, ҚГБ

2

3

3

2

11-сынып, ЖМБ

3

3

3

3

11-сынып, ҚГБ

3

3

3

2


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) білім алушылар мен ата-аналардың тілектерін ескере отырып, мектептерде педагог кадрлардың дайындығына қарай жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға біртіндеп көшу қамтамасыз етіледі.

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тарих пәні өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымы және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сана, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетінің қалыптасуы. Азаматтардың құқықтық санасы қалыптасу үшін құқықтық білімді игеру қажет. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың, қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.

2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы»пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;



- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

«Құқықнегіздері»оқупәнібойыншаоқупроцесі«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқубағдарламаларыменжүзегеасырылады:

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет