«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет73/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Физика» оқу пәні

«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді.

Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында жүктеменің сағатын азайту үшін негізгі орта білім деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәні бойынша типтік оқу жоспарын іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарында негізгі мазмұн сақталады. Оқу жоспарының көлемін

1 сағатқа дейін төмендету үшін қажет болған жағдайда «*» қойылып белгіленген тақырыптарды мұғалімнің қалауы бойынша біріктіру ұсынылады.

Жүктеменінің сағатын көбейту үшін негізгі орта білімнің

7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәні бойынша типтік оқу жоспарын іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарында негізгі мазмұн сақталды. Оқу жоспарының көлемін ұлғайту үшін мұғалімге эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде эмпирикалық тәуелділікті анықтауға, сандық және сапалық есептерді шешу, практикалық тапсырмаларды орындау үшін сағаттардың санын көбейтуге мүмкіндік бар.

Аймақтық және жергілікті аспектілерде қолданбалы құндылығы бар оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру, физика саласындағы Қазақстанның ғылыми жетістіктерін зерттеу ұсынылады.



7-9-сыныптарда «Физика» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.

7-9-сыныптарда жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 46-кестеде көрсетілген.
Оқупәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 46-кестеде берілген.
46-кесте.Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

3

1

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

2

1

9-сынып

2

2

2

2

«Физика» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағат болғанда тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

Физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қарастырылады.

Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру; есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару; жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.

Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану ұсынылады.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар) оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет