«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет70/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Жаратылыстану» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстануды оқыту білім алушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, тәжірибеге бағдарланған дағдыларды дамытып, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

7-сыныптан бастап білім саласы құрамына жаратылыстану білім беру бағытының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді.

Қазіргі жаратылыстану-ғылыми білім берудің мақсаты – табиғат құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми парадигманың өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи көрінісін қалыптастыру.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастырады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану», «География», «Биология» «Физика» және «Химия» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (40-кесте).

40-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет