«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет88/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары, мәтінді оқыту кезеңдері, күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер әдістемелік нұсқау хаттың «5-9-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тарауында берілген.

Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту жүреді.

Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.



Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 14-4-тармағына сәйкес «Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) аптасына 1 сағат болғандықтан БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Қазақ тілі» пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген (53-кесте).
53-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет