40
қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы)
және сауықтыру процесіне
бағытталған.
«Дене шынықтыру»
оқу
пәні, 10-11-сыныптар
2022-2023 оқу жылында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми
сайтында
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын
басшылыққа алу керек.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Дене
шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын
келесі
сайттан
жүктеуге
болады
(қоғамдық-гуманитарлық
бағыт,
жаратылыстану-математикалық бағыт).
Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін
ұйымдастырудың негізгі түрлері:
1)
дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-
шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
4) спорттық үйірмелер;
5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің
мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып
табылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім
алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
«Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сағаттарды бөлу» тақырыптық
жоспары 4-кестеде келтірілген.
4-кесте. Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық
сағаттар санын тоқсандарға бөлу»
Достарыңызбен бөлісу: