2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет79/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 07 наурыздағы №105 
бұйрығының 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-
математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына 
арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру 
бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: «Діни таным және мерекелер» бөлімінде 
оқытылатын Бейімбет Майлиннің «Айт күндері» шығармасының орнына «Ұлттық 
таным және мерекелер» бөліміндегі Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар» бөліміндегі Дениз Райанның «Ауа райы» 
әңгімесі орнына Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесі, «Заң мен қылмыс» 
бөліміндегі Дүкенбай Досжанның «Ар соты» әңгімесі орнына «Қоғам және заң» 
бөлімі болып, Ермек Өтетілеуұлының «Ата заңы» шығармасы енгізілген. Аталған 
бұйрықтың 11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен үлгілік 
оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: «Қазіргі 
қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөліміндегі Әзиз Несиннің «Құрдымға құлдырап 
барамыз» әңгімесі орнына Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі, 
«Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөліміндегі Дильдар 
Мамырбаеваның «SOS - ана» әңгімесі орнына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» 
романы 1,2 кітабы, «Жастар мәселесінің түйіткілдері» бөліміндегі Шыңғыс 
Айтматовтың «Найман ана» шығармасы орнына Мұхтар Әуезовтың «Абай 
жолы» романы 3,4 кітабы, «Толеранттылық- ел бірлігі» бөліміндегі Лира 
Қоныстың «Адам» әңгімесі орнына Сайын Мұратбековтың «Телі өскен ұл» повесі 
енгізілген. 
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптары 
«ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта 
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, 
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына 
өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы 
№ 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй 
жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне 
мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін 
жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде 
немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім 
алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте 


131 
жүзеге асырылады.
9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе 
шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу 
және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен 
белгілейді. 
БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 
балдан артық емес болуы керек. 
12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. 
Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ 
тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және 
оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде 
өткізуге болады. 
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық 
принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды. 
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол 
оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады. 
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі 
бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу 
пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 7.5. -кестеде көрсетілген. 
7.5-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




10- сынып 




11- сынып 




7.6. - кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі 
Сы- 
нып- 
тар 
Қаз-
ақ 
тілін 
мең-
геру- 
дің 
дең-
гей- 
лері 
Жыл- 
дық 
оқу 
жүк- 
теме- 
сінің 
көле- 
мі 
Бір
саб- 
ақта 
мең- 
гері- 
летін 
сөз 
саны 
Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі 
Бір 
апта-
да 
Оқу 
жыл-
ында 
Актив сөздер саны 
Норма 
Тоқсан бойынша 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет