2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ», «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ», «ҚҰҚЫҚ



Pdf көрінісі
бет112/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

18. «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ», «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ», «ҚҰҚЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ» 
ПӘНДЕРІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,
5-11 - СЫНЫПТАР 
 
«Қазақстан тарихы» оқу пәні 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 
3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 
5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 


201 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан 
тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде 
сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық 
білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде 
жол беріледі.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім 
беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, 
оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар 
үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу 
жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру 
деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
әртүрлі болуы мүмкін. 
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақстан 
тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 18.1-кестеде берілген. 
18.1-кесте – 5-11-cыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақстан тарихы 

72 

72 

Қазақстан тарихы 

72 

72 

Қазақстан тарихы 

72 

36 

Қазақстан тарихы 

72 

36 

Қазақстан тарихы 

72 

36 
10-11 (ҚГБ)
Қазақстан тарихы 

72 

72 
10-11 (ЖМБ)
Қазақстан тарихы 

72 

36 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін 
пайдалану ұсынылады. 
Оқу 
жүктемесі 
төмендетілген 
Үлгілік 
оқу 
жоспарына 
сәйкес
7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 
вариативті компоненттен 2 сағат алуға мүмкіндік берілген. 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда 


202 
инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) 
берілген.
7-9 сыныптар (әрқайсысы 2 сағаттан):
1) «Шетел тілі», «Қазақстан тарихы» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән 
2) «Қазақстан тарихы», «География» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән 
Егер білім алушылардың қажеттілігіне қарай осы комбинациялар 
таңдалған жағдайда 7–9-сыныптардың әр қайсысында «Қазақстан тарихы» пәні 
қосымша 2 сағаттан оқытылады.
Сонымен қатар, Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 
10–11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық 
пәндерді оқытуға барлығы 4 сағат бөлінген. Осыған орай, осы сыныптарда білім 
алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет