Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы Қазақ халқының сүйікті ұлы Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерінде хат таныған сауатты адам болған. Ал анасы Зәуре Баирқызы 1888 жылы Алматы облысындағы Шелек ауданында өмірге келген. Бар уақытын балалары мен үй шаруасына арнаған. 1955 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметтерін алма-кезек атқарып, 30 жылға жуық ел билігінде болды.
1993 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысу үшін Сарқантқа барып, сол жерде 82 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы Майданда есімі асқақтаған батыр қыз 1922 жылдың қазанында Батыс Қазақстан облысы, Орал ауданында дүниеге келген. Оның балалық шағы Жасқұс деп аталатын ауылда өтті. Әкесі Жиенғали қоймада күзетші болып, ал анасы Тойшылша үй шаруасымен айналысқан.
Ол 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты. Арада 6 ай өткен соң оған Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақбұзау ауылында туған. Жазушы 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері мен әңгіме, очерктері майдан кезінде республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетін 1949 жылы бітірді. Бүгінгі оқырманға «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» романдары жақсы таныс.
Әзілхан Нұршайықов 2011 жылы 12 ақпанда қайтыс болды.
Роза Бағланованың 100 жылдығы Күміскөмей әнші, Халық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген ерекше жаратылыстағы сұлу Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.
КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы, қазақ өнерінің майталман күміскөмей әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында 2011 жылы 8 ақпанда дүние салды.