Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 30 жыл Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. 1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық президиумының төрағасы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары – жазушы Қалдарбек Найманбаев болып тағайындалды. Қазіргі таңда төрағаның бірінші оырнбасары Зауытбек Тұрысбеков.
Қауымдастықтың негізгі мақсаты – республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.