2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет44/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар
 
Білім беру саласының мазмұны технология және өнер ұғымдары, 
графикалық мәдениеттің дамуы, музыкалық дәстүрлер мен әдет
-
ғұрыптар, адам 
өміріндегі қолөнер мен музыка т.б.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және халықаралық тану 
аясында оқу жетістіктерінің деңгейін арттыру мақсатында білімалушыларға
келесі тапсырмалар мен жұмыстарды орындау ұсынылады:

диаграммаларды, жұмыстың жалпылау және технологиялық карталарын 
құрастыру;

графиктерді суреттеу, салыстыру, талдау, шығармашылық жұмыстарды 
ресімдеу дағдыларын қалыптастыру;

практикалық жұмыс негізінде толық шығармашылық жұмыстарды 
дайындауға жаттықтыру.
Сабақ барысында әртүрлі көрнекі құралдарды пайдалана отырып, білім 
алушыларға
материалдарды қорытындылауы, дәстүрлі және заманауи 
графикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі, негізгі 
технологиялық білімдерін, оның ішінде цифрлық оқулық көздерін пайдалануды 
дамытуы керек.
Пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттіліктерді дамыту бойынша 
ұсыныстар
 


55 
Көркем еңбек пәні бойынша мұғалім білім алушыға 
өз бетінше көркем
-
шығармашылық және пәндік
-
өнімді іс
-
әрекетті ұйымдастыруға, көркемдік 
тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдарын таңдауға ынта мен дағдыларды 
қалыптастыруды ұйымдастырады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалім білім алушыға
мұқият таңдалған іс
-
шаралар мен тапсырмалардың көмегімен жүзеге асырылатын дамытушылық 
және ынталандырушы оқытуды үйрету.
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға 

өнермен қарым
-
қатынас 
жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға 
және орындауға құштарлығын ашуына бағыт беру

Келесі пәндер бойынша талап етілетін ұсынылатын құзыреттер:
 
Музыка
 
пәні бойынша
 

қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан 
халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы 
музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен 
орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту;

орындаушылық шеберліктерін дамыту –
вокалдық және аспаптық: таза 
интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты сүйемелдеу, 
домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және ансамбльдік 
орындау.
Көркем еңбек
 
пәні бойынша
 

өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық 
идеяларды дамыту;

объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде 
білімалушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет