2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Білім беру процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту



Pdf көрінісі
бет29/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24

Білім беру процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту 
бойынша ұсынымдар
 
Математикада цифрлық ресурстарды пайдалану құзыреттілігі білім 
алушылардың
жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімді және 
шығармашылық пайдалануды қамтиды. 
Цифрлық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері білім алушылардың өздігінен
білім алу, қажетті ақпаратты іздеу, іріктеу, ақпаратты талдау, ұсыну және беру 
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
Цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін ұсынылады:
1) білім алушыларды негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануға 
үйрету; 
2) ақпарат іздеуге және оны таңдауға байланысты өз бетінше жұмыс істеу 
дағдыларын дамыту; 


38 
3) математиканың әртүрлі бөлімдерін зерделеу кезінде презентациялар 
жасау үшін қажетті компьютерлік бағдарламаны пайдалану, математикалық 
тапсырмаларды орындау кезінде фото/видео әзірлеу (геометриялық фигуралар 
жасау)

Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсынымдар
 
«Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін оқуға деген 
қызығушылықты арттырудың бір жолы –
білім алушылардың жобалық қызметі
.
Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана 
қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің 
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар 
топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті 
ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, 
орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен 
қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар 
 
«Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін
оқыту 
барысында келесі 
құндылықтарға
назар аудару ұсынылады: 
еңбек пен 
шығармашылық 
(пәндік дағдыларды игеру, стандартты емес мәселелерді шешу 
үшін алған білімдерін шығармашылықпен қолдану);
ашықтық 
(тұлғааралық 
ашықтықты қалыптастыру және дамыту білім алушылар, мұғалім мен білім 
алушы арасындағы қарым
-
қатынас процесінде жүзеге асырылады); 
өмір бойы 
білім алу
(математиканы оқыту кезеңдері арасындағы сабақтастықты, оқу 
процесінің тұтастығын мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, кең ауқымды 
дағдыларды қалыптастыру); 
ынтымақтастық 
(топтарда білім алушылардың 
бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру); 
құрмет

патриотизм

Математика сабағында құрмет, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру 
тарихты, мәдениетті мен дәстүрлерін және халықтың басқа да құндылықтарын 
құрметтеуге; қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымға; жоғары 
патриоттық сезімдерге тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар шешімдері арқылы 
жүзеге асырылады. Сондықтан мүмкіндігінше мұндай тапсырмаларды шешуді, 
әсіресе 1
-8-
сыныптарда қарастырған жөн.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында тұлғаға 
бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс
-
әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту 
тәсілдерін қолдану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет