75
2.8
БІЛІМ
БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
Психологиялық қызмет – бұл білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу
уәждемесін, оқу үлгерімін, шығармашылық тұрғыдан өзінің қабілетін іске
асыруын, психологиялық жағдайды тұрақтандыруды, бейіндік тұрғыдан өзін-өзі
анықтауды және басқа да қолайлы жағдайларды қалыптастыру үшін орта білім
беруді ұйымдастыру жөніндегі алқалы орган.
Психологиялық қызмет білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтауға
және диагностикалауға, кеңес беруге, психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсетуге және инклюзивті білім беру ортасы жағдайында қолдауға бағытталған,
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың немесе
өзге де заңды өкілдердің психологиялық әл-ауқатын сақтауды және нығайтуды
көздейді.
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың табысты оқуы,
дамуы, әлеуметтенуі және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауын
қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар
жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі
ұйымдастыру.
✓
Достарыңызбен бөлісу: