«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»



Pdf көрінісі
бет65/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

Балл
Сипаттамасы
1 балл 
оқу тапсырмаларының 10% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта 
енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижесі бойынша қорытынды жасамайды, 
тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді, өткен материалды 
білмейді 
2 балл 
оқу тапсырмаларының 20% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта 
енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті 
қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік 


99 
көрсетпейді 
3 балл 
оқу тапсырмаларының 30%-на дейін орындады, қателер жіберілді, жіберген 
қателерін түзетуге тырысады, кейде сабақта белсенділік танытады, оқу 
тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің / ата-ананың / құрдастарының 
қолдауына мұқтаж 
4 балл 
оқу тапсырмаларының 40%-на дейін орындады, қателер жіберді, қателерді 
түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде 
тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады 
5 балл 
оқу тапсырмаларының 50%-на дейін орындады, 5-ке дейін қате жіберді, 
мұғалімнің көмегін қажет етеді, сабақта үнемі белсенді бола бермейді, кейде 
орындалатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады 
6 балл 
оқу тапсырмаларының 60%-на дейін орындады, 4-ке дейін қателер жіберді, 
мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ұқыптылық танытады, қиындығы орташа 
тапсырмаларды өз бетінше орындай алады 
7 балл 
оқу тапсырмаларының 70%-на дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, 
қателерді уақытылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде 
дербестік танытады 
8 балл 
оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателер жіберді, 
мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателерін өз бетінше түзетеді, белсенді, 
тәуелсіз 
9 балл 
оқу тапсырмаларының 90%-на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде 
шамалы нақтылық болмады, қателермен жұмыс істейді, белсенді, тәуелсіз 
10 балл 
100% оқу тапсырмаларын орындады, қатесіз орындады, белсенді, тәуелсіз, 
түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады 
БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан 
көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды. 
ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарға қойылады. ФБ 
нәтижелері қағаз форматта басып шығаруды және сақтауды талап етпейді, ал 
ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары 
мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады. 
 

Қазақ тілі бойынша емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ 
тілі» пәні және орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде «Қазақ 
тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын 
меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім 
беру деңгейлерінде академиялық жыл аяқталған кезде МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), 
айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.

Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі 
айқындайды, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып 
педагогтер әзірлейді және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. 

Қорытынды баға «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 
емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) 
нәтижелері негізінде 30/70 пайыздық қатынаста қойылады. Қорытынды баға ең жақын 
бүтінге қарай дөңгелектеледі. 
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 жылғы №96 
бұйрығына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және 


100 
қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 35-тармағы 01.09.2023 
жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032306#z13
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет