«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»



Pdf көрінісі
бет66/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

 
 
Қорытынды аттестаттау
9(10) және 11(12) сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды 
жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы). 
 
Сыртқы бағалау
2022 жылдан бастап республика мектептерінде 
білім алушылардың білім 
жетістіктеріне мониторинг
(ББЖМ) жүргізілуде.
ББЖБ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 
жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім 
жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 
ББЖМ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз 4 және 9-сынып білім 
алушылары арасында МЖМБС сәйкес білім сапасын жүйелі бақылау. 
Мониторинг компьютерлік форматта жүргізіледі және сауаттылықтың үш 
бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: оқу, математика және 
жаратылыстану. 
Тест тапсырмаларының жалпы саны 4-сыныпта – 30, 9-сыныпта – 75. 
ББЖМ-2022 
қорытындысы 
бойынша 
төртінші 
сынып 
білім 
алушыларының орташа балы 30-дан 20,9 балды немесе тапсырмаларды орындау 
нәтижесі 70%-ды құрады. Тоғызыншы сынып білім алушыларының нәтижесі 75-
тен 47,32 балды немесе 63%-ды құрады. Тестілеудің әрбір бағыты бойынша 
тапсырмалардың деңгейі неғұрлым күрделі болса, білім алушылардың орындау 
деңгейінің көрсеткіші соғұрлым төмен болды. 
Оқу сауаттылығы.
2022 жылы тестілеудің үш бағытының ішінде оқу 
сауаттылығы бойынша 4 және 9-сынып білім алушылары 70-72% көрсеткішпен 
ең табысты нәтиже көрсетті. Тестке қатысушылар мәтінде анық берілген 
ақпаратты (түйін сөздер, кеңестер) анықтауға арналған тапсырмаларды 
орындауда жоғары пайызды көрсетті. Сонымен бірге білім алушылар мәтін 
мазмұны мен оның элементтерін терең түсінуді және түсіндіруді талап ететін 
тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет