21-ғасыр көшбасшысы



Дата11.09.2017
өлшемі115,55 Kb.
#32041
21-ғасыр көшбасшысы

Ғылымдардың пірі, 


Табиғаттың тілі, 
Физика екен халайық, 
Мұны жақсы ұғайық.

Дүниедегі құбылыстың мәнінде, 


Табиғаттық қозғалыстың бәрін де, 
Мүмкін емес физикасыз түсіну, 
Физика дүние кілті бүгінде.

Физика бұл өмірдің, 


Асыл бір үлкен саласы. 
Жаңардысолфизикамен, 
Елімніңөзендаласы.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге, 


Бақтырып жұлдыздарды ескен желге. 
Жансызға жан бітіріп, қолға салып, 
Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған, 


Қай жүйрік Архимедті басып озған. 
Жалынды патриот, батыр ғалым. 
Ғасырлар түкпірінен басып озған.

Физика – табиғаттың тілі екенғой, 


Көз тартар табиғаттың сыры екенғой. 
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.

Ұққанға табиғаттың сыры терең


Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, 
Демесең болсын егер еңбегімеш, 
Әуелі физиканы оқы дер ем.

Бүгін де физика барлық жерде, 


Құрылыста, техникада, өндірісте. 
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер, 
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

«ХХІ ғасыркөшбасшысы» атты сайыс

Ұққанға табиғаттың сыры терең, 
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, 
Демесең болсын егер еңбегімеш, 
Әуелі физиканы оқы дер ем.

Бүгін де физика барлық жерде, 


Құрылыста, техникада, өндірісте. 
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер, 
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың


Бақытқа сені жеткізер. 
Білім деген ақылшың, 
Қиындықтан өткізер,- деп 
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыркөшбасшысы» атты сайысымызға қошкелдіңіздер!

Ал білім алушылар,ұстаздар 
Ортаға назар салайық. 
Сайыскерлер шықпақ сайысқа , 
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


  1. 18.15.11 тобының студенті Мәдиев Ғасырбек

  2. 17.15.11 тобының студенті Аманкелдиев Абилгазы

  3. 14.15.11 тобының студенті Ұлықпанова Балерке

  4. 13.15.11 тобының студенті Ернарқызы Айда

  5. 12.15.12 тобының студенті Зұлпыхаров Қуантай

  6. 7.15.16 тобының студенті Сейтуұлы Аманбек

  7. 6.15.11 тобының студенті Маратов Асхат

  8. 5.15.11 тобының студенті Абатов Али

  9. 4.15.12 тобының студенті Нарегеев Жахангер

І-тур. Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, 


Шәкірттерге әділ шешім беріңіз, 
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, 
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық анықтамаларға қолдарындағы белгілерін көтеру арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқиятболыңыздар:

1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия) 
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы 
(жылу мөлшері) 
3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ. 
(идеал газ) 
4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. 
(қаныққан бу) 
5.Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция) 
6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток) 
7.Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия) 
8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу) 
9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым) 
10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон) 
11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу) 
12.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама. (жылдамдық) 
13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану) 
14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылуөткізгіштік) 
15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады) 
16.Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (механикалыққозғалыс) 
17. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация) 
18. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция) 
19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)

Келесі ІІ-турымыз көкпар. 


Адам – Алып таңға жайып ісімен, 
«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен. 
Зерделілер заманды алға жылжытсақ, 
Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл адамдар ардақтаған халықтар, 


Физикада даңқы шыққан алыптар. 
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер, 
Алыптарды әрқашанда таныпқал.Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

1. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)

2. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)

3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)

4. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)

5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)

6. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)

Осы екі тур қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 студентіміз ойыннан шығады.

ІІІ-тур. Полиглот. 
Келді кезек полиглотты шешуге, 
Жауаптарды аударуға үш тілде. 
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, 
7 ұпай, шәкірт саған несібе.

1.Аса қажет өмірге халық үшін, 


Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])

2.Жалғыз бағыт білері, 


Бұрғаныңа көнбейді. 
Жол көрсетіп береді 
Бірақ өзі көрмейді. ( компас,compass [кампәс])

3.Туыстарын шетінен, 


Өбеді де бетінен. 
Бала-шаға ұсағын, 
Бауырына қысады. ( магнит, magnet [магнет])

4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])

5.Тар шеңберді айналып, 
Тұр құдықта байланып. 
Қаға берер таңдайды, 
Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clok [клок])

6.Қозғалысқа келтіріп, 


Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасақ, 
Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength [стрензсі])

7.Жоғалмайды ешқашан, 


Түрлендірсек егер де. 
Басқа күйге ауысқан, 
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy [енеджи])

Осы үш тур қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 студент ойыннан шығады.



IV- Тур. Қазақтың мақал-мәтелдері және Физика. 
Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын физика жағынан түсіндіру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.) 
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.) 
3. Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы) 
4. Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.) 
5. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. ) 
6. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы) 
Төртінші кезеңнен кейін ұпайлары ең аз екі сайыскер ойыннан шығады.

V- тур. Жорға. 
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді, 
Мықтылары қалыпты жеңсін енді 
Тез жауап беройланып тұрып қалмай, 
Осы ойыннан көреміз ер енерді. 
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде әроқушыға бөлек-бөлек 10 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 0,5 мин. Ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.
1.Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?(Алма) 
2.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли) 
3.Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. (Дұрысында «-»-тен «+»-ке, бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» -тен «-» -ке алу келісілген) 
4.Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі. (Диффузия) 
5. «Керуен» сөзін физикалық шамаға өзгерт (кернеу) 
6.Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су) 
7.Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ) 
8.Электр шамын ойлап тапқан кім? (Джозев Сван) 
9.Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед) 
10.Фотографияны ойлап тапқан француз ғалымдары? (Жозеф Ньепс, Луй Даггер)
11.Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген) 
12.Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса) 
13.Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі) 
14.Жерді қоршап тұрған ауа қабаты. (атмосфера) 
15.Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель) 
16.Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары (ағайынды Льюмерлер) 
17.Электр шамының сымы неден жасалған (вольфрам) 
18.Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме?(иә) 
19.Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (психрометр) 
20. «Инерция »-ның қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)

VІ – тур. «Кім көшбасшы?» 


Ойынға екі сайыскер қатысады.Төрт кезеңнен жиналған ұпайлары нөлмен теңестіріледі, осы кезеңде екі ойыншының қайсысы артық ұпай жинайды, сол ойынның көшбасшысы болып есептеленеді.
1. Физиканың атасы кiм? 10ұпай 
А) Армстронг  Ә) Аристотель Б) Әл-Фараби 
Жауабы:Аристотель 
2. Қозғалыссыздық, әрекетсiздiк қай сөздiң мағынасы? 10ұпай 
А) диффузия 
Ә) броун 
Б) инерция 
Жауабы: Инерция 

3. Атмосфералық қысымды өлшейтін альтиметр деген құралмен теңіз астының қысымын өлшейме,әлде тау биігінің қысымын өлшейме? (тау биігінің) 20ұпай 
4. Ағаштардың қайсысы орнықты тепе-теңдік қалыпта бола алады шырша немесе емен? (Емен.) 20ұпай 
5. Ежелгі грек астрономы ІІ ғасыр да теңізде жүзушілердің орнын анықтау үшін географиялық координаттарды қолданған. Ол кім деп ойлайсың? (Клавдий Птоломей)30ұпай 
6. Герон патша :Архимедке мынадай тапсырма беріпті: «Менің патшалығым басқа патшалықтан асып түсуі үшін сарайдың ортасында фонтан атып тұрсын. Сарай сол фонтанның астында су тимейтіндей болсын», деген екен. Архимед іске кірісіп, сарайды сала бастайды. Бәрін бітіріп, фонтанды іске қосқанда фонтан көтерілмей қалған. Архимедтің жіберген қателігі неде? (Ол кезде атмосфералық қысым белгісіз еді) 30ұпай 

Көп ұпай жинаған студентіміз жеңімпаз атанады.


Бүгінгі кеш-қызықты кеш, 


Көрермендер халайық. 
Ой-түйсікті қозғап қазір, 
Биік қанат қағайық. 
Физика салтанатты, 
Осы жерде құруын, 
Белсенділік көрсетейік
Бар ықылас құрулы.

Мәңгілікке есте қалар, 


Қызықты бұл жиын болсын. 
Білімдірек шәкірт озар, 
Сұрақтары қиын болсын.

Әділ-қазы алқасына бір сәлем, 


Әділдікке бас иеді күллі әлем. 
Жүйрік озар сайыстарда неше бір, 
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Әділ қазылар алқасына сөз беру: 



Дипломмен марапаттау.

Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 0f2c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f2c -> Тақырыбы: Күні: Пәні: Сауат ашу Сыныбы: М. А. Д “Ә”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет