Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі142,21 Kb.
#110926
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА, ПЕДАГОГИКА, Өндіріс жарық, Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық., Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық., заң психологиясының практикалық және теориялық байланысы



Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Ол қандай заңдарға бағынады?

  2. Жарықтың шағылу заңын қорытып шығарыңдар.

  3. Шағылудың қандай түрлері бар?

  4. Жазық айна дегеніміз не?

  5. Жазық айнаның формуласын қорытып шығарыңдар.

  6. Жазық айна қандай кескін береді?

  7. Сфералық айна деген не?

  8. Сфералық айнаның қайсысы жарықты шашады, қайсысы жарық шоқтарын бір нүктеде жинайды?

  9. Қандай сфералық айнаның фокусы жорамал, қандай сфералық айнаның фокусы шын?

  10. Айнаның ұлғайтуы деген не?

  11. Жарықтың сынуы деген не?

  12. Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңдар?

  13. Жарықтың абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер.

  14. Жарықтың толық шағылуы дегеніміз не? Ол қалай байқалады?

  15. Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыстар байқалады?

Линза және оның оптикалық параметрлері



Линза


Линза(нем. Lіnseлат. lens – оптикалық шыны, әйнек) –— таужыныстар мен пайдалы қазбалар жатысының жасымық тәрізді нысаны; қалындығы шетіне қарай жұқара түсетін домалақ не овал дене.

Линзалардың негізгі кемшіліктері мынадай



  • сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін

арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады;

  • хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы (түрлі-түсті

қосымшадағы 5-сурет). Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді;

  • астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау (түрлі-түсті қосымшадағы 6-сурет). Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады;

  • дистпорсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескіннің қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін.Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.

Екі сфералық бетпен шектелген молдір дене линза деп аталады. Жеке жағдайларда бір беті жазық болуы мүмкін, практикалық маңызы бар көптеген жағдайларда линзаны шектеуші беттердің екеуі де сфералық бет болып келеді.Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарды R   және R   олардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады. Линзаны шектеуші сфералық беттердің қисықтық C   және C   центрлері арқылы өтетін түзу линзаны оптикалық бас осі деп аталады.

Жұқа линзадағы оптикалық бас осътің екі жақ бетпен қиылысу нүктелері О   мен О   линзаның оптикалық центрі деп аталатын О нүктесінде түйіседі деп есептеуге болады. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ оптикалық қосымша осьтер деп аталады. Оптикалық осьтердің кез-келгенінің бойымен таралатын жарық сәулесі линзадан сынбай өтеді.

Праксиал жарық шоғының оптикалық бас оське параллель таралатын сәулелері осы осьте жатқан және линзаның фокусы деп аталатын нүктеде қиылысады. Линзаның фокусы арқылы оптикалық бас оське перпендикуляр түсірілген MN жазықтық фокустық жазықтық деп аталады.

 Линзаның оптикалық центрінен оның фокусына дейінгі OF=f қашықтық линзаның фокус аралығы деп аталады:

 

 



Жұқа линзаның формуласы параксиал сәулелер үшін дұрыс

Егер линзаның фокус аралығы оң болса,   , онда линза оң (жинағыш ) деп, фокус аралығы   болса, онда теріс (шашыратқыш) деп аталады.

Ауадағы шыны линзалар үшін   қос дөңес, жазық дөңес жинағыш линзалар болып табылады.

Шашыратқыш шыны линзалар:қос ойыс, жазық ойыс, және дөңес ойыс линзалар болып табылады. Жинағыш линзалардың фокусы шын, ал шашыратқыш линзалардыкі – жалған болады

Линза дегеніміз бұл бір не екі беті қисық болатын мөлдір шыңы (не басқа мөлдір зат, мысалы пластик). Осы қисықтықтың арқасында заттардың көрінуі үлкейеді не кішірейеді.

Линза түрлері

Линзаның екі беттерінің пішініне қарай линзаның түрлері мынандай болады:

1, 2, 3 жинаушы ал 4, 5, 6 линзалар шашыратқыш деп аталады. Себебі алғашқы үшеуі жарықты бір нүктеге жинайды, ал қалғандары шашыратады.

Дөңес және ойыс линза

Линзаның беті ойыс, дөңес не тегіс бола алады. Осыған қарай жоғарыдағы суреттегі линзаларды атау белгіленген:

1 - екіжақты дөңес линза; 2 - тегіс-дөңес линза; 3 - ойыс-дөңес линза, 4 - екіжақты ойыс линза, 5 - тегіс-ойыс линза және 6 - ойыс-дөңес линза.

Линзаның фокусы

Екі жақты дөңес линзаның қисық беттері арқылы сфераларды сызайық:

Бұл сфералардың қисықтығы линзаның қисықтығындай. Екі сфераның O1 және O2 центрлері арқылы өтетің түзу линзаның басты оптикалық өсі деп аталады.

Жинаушы линзаның басты оптикалық өсіне паралель бағытта жарықты түсірсек, бұл жарық бір нүктеде жиналады:

Осы Ф нүктесі линзаның фокусы деп аталады. Ал суретте көрсетілген F арақашықтық линзаның фокустық арақашықтығы деп аталады.

Шашыратқыш линзаның фокусы бұл линза арқылы өткен шашыраған сәулелерді линзаның бергі жағына ойша жалғастырамыз да (суретте оң жағындағы линзада пунктирмен көрсетілген), қиылысатын нүктені аламыз. Бұл фокус нүктесі болады. Ал фокустық арақашықтық осы нүктеден линзаның ортасына дейінгі арақашықтықтың модуліне тең. Бұны теріс шама деп алу келісілген.

Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді.

Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз.

Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.

Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады.

Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет