«№3 орта мектебі»ММ 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама. Мақсаты: Оқушылардың психо-эмоционалдық көңіл-күйін, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын, зейінін шоғырландыруын, үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігін диагностикалау.
Міндеттері:
Оқушының үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігі, құрбыларымен қарым-қатынасына бақылау.
Ата-ананың қаншалықты дәрежеде балаға көмектесуін анықтау
Ақпарат құралдырында баланың мектепке бейімделуі туралы психологиялық кеңес беру.
Мектебімізде 1 «а» сыныбында 20 оқушы, ал 1 «б» сыныбында 19 оқушы бар. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. Сынып құжаттарының толтырылуы қанағаттанарлық.
Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшілерін ата-аналарынан кейінгі екінші орынға қояды, жақсы көреді.Сынып жетекшілері оқушылармен жексенбіде басқа апта күндерінің бәрінде түске дейін бірге болады.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.