1 «Ә» сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет . Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым — профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, — ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.Менің болашақ мамандығым ұстаз болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.Осыған орай мен оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне тез бейімделуін қатаң бақыладым.
Биылғы 2016-2017 оқу жылында 1 «Ә» сыныбында 18 оқушы болды. Соның ішінде 10-ы қыз бала, 8-і ұл бала. 14 оқушы осы мектептің даярлық тобында болған, 2 оқушы №2 орта мектептен , 1оқушы қазақ мектеп гимназиясының даярлық тобынан, 1 оқушы «Ақбота» балабақшасының даярлық тобынан келген. Оқушылардың басым бөлігі осы мектептің оқушылары болғандықтан олармен тіл табысу қиын болған жоқ. Өйткені мен бұл сыныпта жұмыс істегенмін. Бірақ оқушылар мектепке әртүрлі деңгейдегі дайындықпен келді. Бірақ басқа 4 бала үшін мектепке, оның тәртібі мен талаптарына, мұғалімге бейімделусәл қиындық туғызды.Өйткені таныс емес мүғалім, оқушылар және орта.Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.Менің оқушыларым менің тәртібім мен менің талаптарыма үйрене бастады.
Ата-аналармен өткізілген сынып жиналысында, мектеп ішілік жалпы жиналыста оқушының мектепке бейімделуі жайлы көп сөз қозғалған болатын. Сондықтан ата-аналармен де тығыз жұмыс жүргізілді. Оқудың алғашқы аптасында-ақ кейбір оқушылар өздерін әлі оқушы сезіне қоймады. Өздерін даярлық сыныптағыдай сезініп, іс-әрекеттер жасай бастады. Тек оқудың 5-6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталды. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5-6 апталарында аяқтала бастады.
«Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы сияқты жылау, мектепке барғым келмейді деген оқушылар тарапынан қылықтар болған емес.
Балалардың ішінен мектепке бейімделу ауыр, қиын болған балалар болған жоқ. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басында 2-3 оқушыда ғана болды.
Менің ойымша менің оқушыларымның бейімделудің ауыр болған жоқ. Бірақ бастапқы бетте жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың оқу тәртібі және оқу жүктемесі аса ауыр болды.Тіпті мен үшін де. Денсаулық жағдайына байланысты кейбір оқушылардың бейімделуі қиын болатын шығар. Менің оқушыларымның арасында денсаулығында кінәрәті бар оқушылар болған жоқ. Барлық оқушылар денсаулық тобының негізгі тобында.
Сырттан келген 4 оқушы сынып ұжымына тез үйренісіп кетті.Әлеуметтік-психологиялық тез бейімделді.
Қазіргі таңда менің оқушыларым мектепке бейімделіп болды деген ойдамын. Алғашқы уақытта мен тек оларға сапалы білім мен тәрбие беруде көп жұмыс жасаймын деген ойдамын. Себебі білімді, тәрбиелі оқушылар мұғалімінң мәртебесі мен мақтанышы.
Оқушылар Баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын сипаттаған. Орыс педагогы Зимняя И.А.өзінің «Педагогическая психология» деген еңбегінде баланың мектепке физиологиялық бейімделу үдерісін қарастырады:
а) Физиологиялық бейімделу.
Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа — 2-3 аптаға созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу туралы айтуға да болмайды, себебі мұнда барлық күш-жігер жұмсалады. Сондықтан ата-аналар осы кезеңде әрбір бала жоғары физиологиялық күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.Оқушы қандай жұмысты орындасын, мейлі ол ақыл-ой жұмысы болсын, мейлі амал жоқтан отырып істейтін қосалқы жүктеме болсын, немесе үлкен әрі таныс емес ұжымда қарым-қатынас жасауға психологиялық жүктемеге ағза, яғни оның әрбір жүйесі өзінің күшіне, жұмысына жауап қайтаруы қажет. Бала ағзасының мүмкіндіктері шексіз, ұзақ күш жұмсау, соған байланысты шаршау немесе болдыру баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екендігін барлығымыз да білеміз.
Мұның барлығын айтып отырғанымыздың себебі, біз кешегі тынымсыз балалардың тез шаршағыш болатындығын, оларды партада «тағы да бір сағат» отыра тұр деуге мәжбүрлеудің болмайтындығын, күн тәртібін сақтау керектігін білеміз. Мынаны есте сақтау керек: бала өмірінде қайта құрудың қиындығы барлық балалардың басынан өтеді. Мектепке бейімделудің баяулауының бастысы — бала денсаулығы, сондықтан олардың денсаулығына мән беріп, ауру-сырқауларын емдеп жазу керек.
б) Әлеуметтік-психологиялық бейімделу.
Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.
Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет; олар бір ай немесе одан да көп уақыт бойы сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалімнің ескертуіне қарамай сыныптастарымен төбелесуі мүмкін (немесе керісінше «кішкентай балалар сияқты» жылап және олардың оқу бағдарламасын меңгеруі қиындыққа түсуі мүмкін. Тек бірінші тоқсанның соңында ғана олардың тәртібі дұрысталады.
Басқа балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды қиындықтар болуы мүмкін. Олардың тәртіптері нашарлап, көңіл-күйіне кері әсер етеді. Мұғалімдер мен сыныптастары көбінесе осындай балаларға шағымданады. Мұндай балаларды көбінесе сынып ұжымы қабылдамайды, ал бұл олардың керісінше қарсылығын, наразылығын тудырады — үзілісте төбелеседі, сотқарлық жасайды, айғайлайды, сабақта өзін дұрыс ұстамайды. Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан, егер баланың тәртібі мұғалімді, ата-аналарды мазасыздандыратын болса, балалар психологы мен психоневролог дәрігерге көрсету қажет. Әрине осындай психологиялық жүктемелер мен бірінші сынып оқушысының өмір сүру қалпын қайтадан өзгерту «физиологиялық деңгейде» жүзеге асырылады.
Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.
Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз — қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан — шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі — жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе? — М.: Знание, 1994.
2. Зимняя И.А.Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. Второе, доп., испр. И перераб. — М.: издательская корпорация «Логос», 1999.
3. Воликова Т. В. Учитель и семья. — Москва, 1987.
4. Гребенщиков И. В. Школа и семья. — Москва, 1985.
5. Диагностика школьной дезадаптации: Для школьных психологов и учителей начальных классов системы компенсирующего обучения. — М.: Редакционно-издательский цент Консорциума «Социальное здоровье России», 1995.