«№21 орта мектеп» кмм 1 «Ә» сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі



бет2/7
Дата29.09.2022
өлшемі152,47 Kb.
#151173
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мектепке бейімделу Хамзина А
жанар, Документация педагога, Үш арыс (тәрбие сағаты)
«№3 орта мектебі»КММ
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.

Мектебімізде 2014-0215 оқу жылында 1 «а» сыныбында 20 оқушы, ал 1 «б» сыныбында 21оқушы бар. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. Сынып құжаттарының толтырылуы қанағаттанарлық.


Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшілерін ата-аналарынан кейінгі екінші орынға қояды, жақсы көреді.Сынып жетекшілері оқушылармен жексенбіде басқа апта күндерінің бәрінде түске дейін бірге болады.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.
Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.



Эмоциялық жағдайы

1 «а»

1 «б»

1.

Мұғаліммен тілдесуі

өте жақсы- 11 оқушы
жақсы- 7 оқушы
орташа- 2оқушы

өте жақсы-10 оқушы
жақсы- 8 оқушы
орташа- 3 оқушы

2.

Мектепке келуі

Көңілді- 17оқушы

Көңілді- 20 оқушы

3.

Сабақта



өте жақсы- 10 оқушы
жақсы- 7 оқушы
орташа- 3оқушы

өте жақсы-9 оқушы
жақсы- 9 оқушы
орташа- 3 оқушы

4.

Құрдастарымен қарым-қатынасы

Жақсы- 20 оқушы

Жақсы- 21 оқушы

5.

Үйге қайту

Көңілді- 20 оқушы

Көңілді- 21 оқушы

Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар. Ата-аналар жиналысы қыркүйек – қазан айлары аралығында әр сыныпта 2 рет өткізілген. Ата-аналардан бала мен қарым-қатынасы, баласының сабағына көңіл бөлуі туралы сауалнама жүргізілді. Нәтижесі: баламен қарым-қатынасы жақсы-100%, сабағына көңіл бөлуі: жоғары - 80%, орташа 20%.
Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша қыркүйектің 15-27 аралығында бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Ұсыныс: Мектеп ережесін барлық оқушылар сақтайды. Көбірек көңіл бөлетін оқушылар: 1 «а» сыныбында Турган Али, Кабимуллина Динара, ал 1 «б» сыныбы бойынша Секеева Раушан, Оразгали Байсұлтан, Сагимбаева Сабина.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет