«№21 орта мектеп» кмм 1 «Ә» сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі



бет5/7
Дата29.09.2022
өлшемі152,47 Kb.
#151173
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мектепке бейімделу Хамзина А

Есіңізде сақтаңыз!
Балаңызды мектепке дайындағанда сіз өзіңізге мұғалім ролін алмай, балаңыз үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата-ана болып қала беруіңіз керек. Бала өзінің қолынан келетіндердің бәрін бар ықыласымен орындайды. Сондықтан ол жалқау бола алмайды.
Балаңыздың жетістігін ешқашан өз жетістігіңізбен және үлкен бауырының, сыныптас құрбысының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Тек қана сіздің шыдамдылығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаңыздың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.

2.Педагогтерге оқушының баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындау бойыншакеңес беру
- Бала үшін жағымды психологиялық ахуал орнату;
- Оқу түрткісін өзектендіру, оқушыға өзінің оқуы үшін жауапкершілікті түсініп, оны мойнына алуға үйрету;
- Балаға «Оқушы» позициясыналуға көмектесу;
- Қарым-қатынаста коммуникативті дағдыларын дамыту;
- Баланы мұғаліммен, оқушылармен оқу ынтымақтастығына тәрбиелеу;
- Баланың тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау.
3.Ата-анаға: Балалардың қорқыныш, үрей сезімінен арылту бойынша психологиялық кеңес беру:
Егер сіз өзіңіз бірдеңеден қорықсаңыз қорқынышыңызды балаға көрсетпеуге тырысыңыз. Әлемді өлімге апарар ауру кезіп жүр, қалада қанішер адам пайда болды және т.б. дегенді үнемі айта берудің қажеті жоқ.

  1. «Қорқынышты» фильмдерді көрсетуге рұқсат етпеңіз.

  2. Баланы қорқыту үшін өзіңізге қорқынышты кейіпкерлерді, мыстан кемпірді, қапшығы бар ағаны, ашулы полицейді және т.б. одақтас етіп алғанды доғарыңыз.

  3. Күрделі жағдайларда (ажырасу, отбасында жаңа мұрагердің пайда болуы, жөнді танымайтын туысқандарға көшіп бару) баланың эмоционалдық жай-күйіне көңіл аударыңыз – жағымсыз жағдайларда ол ересектердің назарын өзіне аудару үшін санасынан тыс қорқынышты пайдалану мүмкін.

  4. Баланың ұйықтау мен сергек жүру тәртібінің жасына сай екендігіне, күні бойы оның жеткілікті мөлшерде жағымды әсер алуына көз жеткізіңіз.

  5. Егер балаға қараңғылықтан қорықпауды үйреткіңіз келсе, күштеу шараларын қолданбаңыз, бұл қараңғы бөлмеге кіруге қатысты бастаманы баланың өзі көтергенде ғана мүмкін болмақ.

  6. Баланы тым күшті қорқыныш билеген кейбір кездерде, психологтар жаны түршігер құбыжық немесе қорқынышты оқиғаның суретін салып, бұдан соң салтанатты түрде күлге айналғанын баланың көзіне көрсеткен дұрыс дейді. Бұл рәсімді қаншалықты қажет болса, сонша істей беруге болады.

  7. Баланың қорқынышты жеңуге деген талпынысын мақтаңыз. Ол өз мінез-құлқының оңды беки түскенін қалайды.

  8. Балада қорқыныш пайда болған жағдайда денелік жақындасудың маңызы зор – оны құшақтап, құшағыңызда тербетіңіз, сүйіп, босансытатын массаж жасаңыз.

  9. Үйде бала өзін қауіпсіз сезінетіндей ахуал қалыптастыруға тырысыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет