5. Халықаралық құқықтың қағидалары. Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің бірі, оның негізгі қағидалары рөлінің үдемелі дамуында, былайша айтқанда, ол белгілі бір қатынастардағы халықаралық құқық субъектілерінің тәртіптеріне негізделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгілі бір объектісіне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетін құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады
1
6. Халықаралық құқықтың субъектілері. Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы құқық субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып келеді. Субъективтік заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады.