8. Халықаралық шарттар құқығы. Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процестің барлық қатысушылары үшін мүдде болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті
3
9. Халықаралық – құқықтық жауапкершілік.Бұл санатты ХҚ субъектілері арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады, оның барысында ХҚ нормаларын бұған бір тараптың (немесе бір неше тараптың) екінші тарап (тараптар) алдындағы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жағдайларды қалпына келтіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымды көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.