24 жалпы білім беру мектебі



бет7/9
Дата03.03.2022
өлшемі380,23 Kb.
#134159
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лы даланы ауызша тарихы – аза тарихыны айнасы о али С лтанш, 58-59, праактика есебі (1)

3 сынып





  1. Асан 300 теңгеге қалам, қалың дәптер, қарындаш және өшіргіш сатып алды. Қалам, қарындаш, өшіргіштің бағасы 215 т. Қалың дәптер, қарындаш, өшіргіштің бағасы 170 т. Қалам мен өшіргіштің бағасы 180т. Әр зат неше теңге тұрады?

  2. Оралған ши мен оралмаған ши кезектесіп орналасқан. Шыптада оралған 30 ши болса оралмағаны қанша?

  3. Екі ағаштың арасы бес метрден. Он ағаш арасы қанша болады? 4.Қандай екі санның қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең? 5.Қандай үш санның қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең болады?

  1. Амал таңбалары мен алтылықты үш рет пайдаланып, отыз санын жазу керек.

  2. Бір таңбалы ең үлкен сан мен бір таңбалы ең кіші санның көбейтіндісіне ең кіші екі таңбалы санды қосса неше болады?

  3. Екі қайыққа 12 адам отырды, біріншісіне екіншіден екі есе артық отырды. Әр қайыққа неше адам отырды?

  4. Әр машинаға 5 тонна жүк тиелсе, 20 тонна 300 килограмм жүкті тасу үшін неше машина керек?

  5. Дөңгелек бойында қосындысы 39 болатындай етіп 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын суреттегі үшбұрыш қабырғасына орналастыру керек.




  1. Екі қолымда 10 саусақ болса, 20 қолда неше саусақ болады?

  2. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады.Ол қанша жаста?

  3. Неше есе арттырсақ та өзгермейтін қандай сан бар?

  4. Суреттегі ақ дөңгелекшелер орнына 1,5,6 сандарын екі рет пайдаланып, дөңгелек бойымен де, кесінділер бойымен де есептегенде қосындысы 12 тең болатындай етіп орналастырыңдар.

9

Нұсқау. Оқушылар дөңгелекшелерді қозғап ойнайды.



  1. Фигураны бірдей төрт бөлікке бөл.







  1. Себетте саны 10- нан аз алма бар. Бұл алмаларды екі немесе үш қызға тең бөліп беруге болады. Себетте қанша алма бар?

  2. Ребусты шеш. КОК

+ АА

РУУР


  1. Оқушы бірінші күні кітаптың 30 пайызын,екінші күні 25 пайызын, үшінші күні кітаптың қалған 90 бетін оқыды. Оқушы бірінші күні неше бет оқыды?

  2. Бір қатарда 6 стақан мына ретпен орналасқан: алдымен суы бар 3 стақан, кейін суы жоқ 3 стақан. Суы бар стақан мен сусыз стақан кезектесіп келетіндей етіп орналастыру керек. Егер 1 стақанды ғана қозғалтуға болса. қалай орындауға болады?

  3. Амал таңбаларын және бес цифрын төрт рет пайдаланып, 16 санын жаз. 21. Т+О+Ч+К+А= 350

Егер Т= 0:70 ; К= А*3 ; О= К+А ; А =280:7 белгілі болса,онда әр әріп қандай санды білдіреді?

  1. Қоймада бал толтырылған толық 7 ыдыс, жартылай бал толтырылған 7ыдыс және бос 7 ыдыс бар.3 адамның әрқайсысына ыдыс пен балды қалай бірдей бөліп беру керек? Балды бір ыдыстан екінші ыдысқа аудармаудың жолын тап.

  2. Амал таңбаларын және үш санын төрт рет пайдаланып, 7 санын шығар.Бірнеше шешу жолдарын қарастыр.

10

  1. Үш ағайынды 29 балық ұстады. Біріншісі - 6, екіншісі -2, үшіншісі -3 балықты тамақ пісіруге қойса, әрқайсысында бірдей мөлшерде балық қалады. Әрқайсысы қанша балықтан ұстаған?




  1. Бес аспаз 5 сағатта 5 торт пісірді.10 аспаз 10 сағатта қанша торт пісіреді?




  1. Атасы, әкесі және оның баласынан: «Жастарыңыз нешеде?» - деп сұрағанда, атасы: « Біздің үшеуміздің жасымыз 100- де» деп жауап берді.Ал әкесі: «менің жасым баламның жасымен қосқанда 45- те және балам менен 25 жас кіші»-деді. Әрқайсысы неше жаста?




  1. Марат әкесіне: «бүгін мені мұғалім есепті жақсы шығарғаным үшін мақтады» -деді.Оны естіген Маржан: «Сені не үшін мақтайды,білмеймін, ал мен болсам есептеуден ең мықты оқушымын»-деді.Әкесі оларды тыңдап: «Балалар мақтануға тұрарлық нәрсе болса, әркім мақтана алады»- деді де, әрқайсысына есеп берді.Марат мынадай есеп оқыды: « Егер менің ақшама оның жартысын қосса, нәтижесі 81 болады. Менде қанша ақша болды?»

Ал Маржанның есебі мынадай: «Егер анам сөмкеге оның ішінде жатқан ақшаның үштен бір бөлігін салса, сөмкеде 68 теңге болады.Сөмкеде қанша ақша болған? Балалар бұл есептерді шығара алмай,мақтанғандарына қатты ұялды.Балаларға кім көмектесе алады?



  1. Әр бөлігінде 100 шығатындай етіп, 188 цифрын екі бөлікке қалай бөлуге болады?




  1. Серік, Берік, Талғат және Қайрат бақылау жұмысынан «5», «5», «4» және «3» алды.Серік Талғатқа қарағанда жоғары баға алды, ал Берік пен Қайраттың бағалары бірдей. Қайсысы үш алды?




  1. Ұшып келе жатқан топ қазға қарсы бір қаз кездесті.

-Сәлеметсіңдер ме, 20 қаз!

  • Жоқ, біз 20 қаз емеспіз. Егер біз екі есе көбейсек және 3 қаз бен сен қосылсаң, 20 боламыз. Алғашқыда қанша қаз болған?

11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет