логикалық есептер 1- сынып
Тиісті әріп пен тиісті санды тап.
Неше ағайынды?
Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар неше ағайынды?
Қандай шар?
Төрт жәшіктің әрқайсысында ақ, қызыл, қара, жасыл түсті доп жатыр.Әр жәшікте көрсетілген жазу шындыққа сәйкес емес. Әр жәшіктегі доптың түсін анықта.
ақ
|
жасыл немесе
ақ
|
қызыл немесе жасыл
|
қара не жасыл, немесе қызыл
|
Шығыршықтар
суреттегі шығыршықтың қайсысы бір- біріне бекітілген?
Қандай дәптер?
Асыл сөмкесіне бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол қарамай бір дәптер алатын болса, дәптер қандай болуы мүмкін?
Қанша балық?
Айбек екі балық ұстаған кезде, Нұрбек бір балық ұстайды. Егер олар барлығы он екі балық аулаған болса, қайсысы қанша балық аулады?
Қайсысы бойшаң?
Асан тапал, Асқар сұңғақ бойлы. Қайсысы бойшаң?
Неше теңге?.
Екі бала, Қанат пен Жанат дүкенге тәтті тоқаш сатып алуға шықты. Олар жолда келе жатып, 20 теңге тауып алды. Егер Қанат жалғыз өзі дүкенге барса, неше теңге тауып алар еді?
Серуен.
Мұражайға 30 бала баруы керек еді.Оның екеуінен басқасы серуенге барса, нешеуі барған жоқ?
2
Достарыңызбен бөлісу: |