ПМПИ математика физика кафедрасыныңмеңгерушісі, физика математикағылымдарыныңкандидаты:СарымоваШ.Н.
Алғы сөз
Ұсынылып отырған бұл әдістемелік құрал – жалпы білім беретін мектептің 1 – 3 сыныптарына арналған.
Құралда ойындар мен логикалық тапсырмалар беріліп отыр. Мұндай тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің дамуымен қатар, танымдық, қызығушылық, белсенділік, тапқырлық қасиеттері қалыптасады.
Ойынды мұғалім баланың ойлау іс- әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолдана алады және тапсырмаларға өзгерту енгізіп, түрлендіре алады.
Негізгі мақсат: сабақта және сабақтан тыс уақытта логикалық жаттығуларды орындау арқылы баланың ақыл-ойын, ой ұшқырлығын дамыту.
Осы тапсырмаларды өз іс тәжірибемнен және әр түрлі әдебиеттерден, ғылыми педагогикалық журналдардан пайдалана отырып, жинақтадым. Мұғалімнің міндеті осы тапсырмаларды пайдалана отырып, оқушыларға түрлі дағды мен қабілетті меңгертуге қол жеткізу.
1