Аулада бірнеше қаз жүр. Олардың аяқтарының саны 22. Оларға 3 үйрек пен 4 лақ қосылды. Аулада қанша аяқ қыдырып жүр?
Ойланған сан.
Мен екі таңбалы сан ойладым. Бірді кеміттім. Нәтижеде бір таңбалы сан қалды. Мен қандай сан ойладым?
Әжем үйінде.
Әжеммен бірге дүйсенбіде, сейсенбіде, сәрсенбіде және бейсенбіде болдым.Ал інім сол аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндерінде болды. Біз әжем қасында неше күн болдық?
Жеті таяқша
Жеті таяқшадан екі бөлме құрастыр.
Қай жағында?
Әкем, мен және шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым?