Төменгі жақ сүйегі тіс қатарының барлық кіші және үлкен азу тістері жоқ екі жақты шеткі ақауы,беттің төменгі бөлігі биіктігі төмендеген.Қалған жоғарғы және төменгі тіс қатарларындағы күрек тістер мен сүйір тістерінде (2 дәрежелі) патологиялық аса қажалу бар. Орталық окклюзия кезінде жоғарғы жақтың кіші және үлкен азу тістерінің шайнау төмпешіктері төменгі альвеола өсіндісінің шырышты қабығына тиеді. Тік тістем. Осы жағдайда қандай ортопедиялық ем қолданған жөн:
екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші – алдыңғы тістерге тістердің анатомиялық формасын қалпына келтіретін жасанды сауыттар дайындау содан кейін – төменгі жаққа екі жақты шеткі ақауды қалпына келтіретін алмалы-салмалы протез дайындау
екі сатылы ортопедиялық ем: алғашында – төменгі жаққа жасалған алмалы-салмалы протездің көмегімен беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіру. Миостатикалық рефлекс қалпына келгеннен кейін– алдыңғы тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру
+екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – беттің төменгі бөлігінің биіктігін уақытша алмалы-салмалы пластиналы протезбен төменгі алдыңғы тістерді каппамен жабу арқылы қалпына келтіру екінші сатысы – жаңа альвеола аралық биіктікке бейімделгеннен кейін тұрақты тіс протезін дайындау
жоғарғы және төменгі жақтың барлық күрек, сүйір тістерін бір мезетте жасанды сауыттармен қалпына келтіріп, төменгі жаққа алмалы-салмалы протез дайындау
ортопедиялық ем: алдыңғы топ тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру
***