24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы



бет799/922
Дата22.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#140525
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   922
Байланысты:
24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
1584443984376, ЭИ ИУП рус 1-3 (1) (1), pub2 167, Әлеуметтану, Политология студенттерге 1-2 курс каз 200, КТП 34 сағат КжБН вариативті курс №415 бұйрық, ҒЫЛЫМИ СТИЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Науқасқа2.2 тісіне металлокерамикалық сауыт жасалды. Тістің нервісі алынған, композиттік материалмен пломбаланған. Сауытты тұрақты бекіту үшін қандай метариал таңдайсыз?
A. Stoma-flex
B. Dent-plus
C. Z-plus
D. Fugi- plus
E. темпопро
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 2
$$$005
Науқасқа үш күн бұрын терең тісжегі диагнозымен 3.6 тісіне құйылған салма жасалған. Үш күннен кейін термиялық тітіркендіргішке ауыратынына шағымданып келді. Ауырсынудың пайда болу себебін көрсетіңіз?
A. құю тәртібінің бұзылуы
B. сенімсіз окклюзиондық қатынастар
C. қуыс жиегі бойымен фальцтің жоқтығы
D. қуыс түбінде төсеніштің болмауы
E. қабырғалардың параллельдігінің болмауы
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 2
$$$006
1.3 тістің сауыттық бөлігі бұзылған, тістің сауыттық бөлігінің қалдығы қызыл иектен 2 мм шығып тұр. Терең тістем. Тістердің окклюзиондық бетінің бұзылу индексін анықтаңыз және сіздің емдеу тактикаңыз?
A. ИРОПЗ >0,7, Ричмонд бойынша штифтік тіс
B. ИРОПЗ>0,5, қарапайым штифтік тіс
C. ИРОПЗ>0,7, тұтасқұйылған штифтік тіс
D. ИРОПЗ>0,6, тұқылдық сауыт
E. ИРОПЗ>0,7, тұқылдық штифтік салма
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$001
2.3, 2.5 тістерге тірек сауыттарды шақтап тексергенде: сауыт технологиялық және клиникалық талаптарға сай. 2.3, 2.5 тістердің жасанды сауыттарының осьтері бір-біріне параллель емес. Дәрігердің іс-әрекеті
A. сауыттарды қайта жасау
B. тірек тістерді қосымша паралллельді егеу
C. қалыпты қайта алу
D. еш мәні жоқ, жұмысты ары қарай жалғастыра беру
E. сауытты қайта штамптау
{Дұрыс жауабы}= B
{күрделілігі}= 3
$$$002
Науқас 1.6, 1.4 тірек тістерге көпір тектес протез жасалған. 1.4 тістің металл сауыты технологиялық және клиникалық талаптарға сай, ал 1.6 тіс сауыты қызыл иекке 1,0 мм жетпейді. Дәрігердің іс-әрекеті?
A. 1.6 тіс жасанды сауытын ұзарту
B. Сол күйінде өткізу
C. 1.6 тірек тісті қысқартып, жасанды сауытты орнату
D. Көпірлі протезді толық қайта жасау
E. Тірек сауыттарды қайта дәнекерлеу
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 3
$$$003
Науқастың 2.2, 2.3, 2.4 тістері жоқ, 2.1, 2.5 тістері интактілі, патологиялық өзгерістер жоқ. Дәрігер тірек ретінде 2.1 және 2.5 тістер болатын штампталып дәнекерленген көпірлі протезді салуға кеңес берді. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма және неге?
A. Жоқ – шайнау қысымын қалпына келтірмейді
B. Жоқ – эстетическалық талаптарға жауап бермейді
C. Жоқ- тірек тістерге үлкен қысым түседі
D. Дұрыс – эстетикалы, протезге бейімделу тез
E. Жоқ - тірек тістердің саны аз
{Дұрыс жауабы}= B
{күрделілігі}= 3
$$$004
Пластмассалы пластмассалы көпіртектес протез әзірлеуде дәрігер материалда түйіршіктелген көпіршіктер анықтады. Көпіршіктенудің пайда болуы қалай көрінеді және оның пайда болу себебін сипаттаңыз.
A. Ішкі кернеулерге байланысты жолақ түрінде
B. Мономердің жеткіліксіздігі нәтижесінде ұсақ жолақ түрінде
C. Жоғары термиялық кеңеюі нәтижесінде жарылулар түрінде
D. Массаны жеткіліксіз қысымда қалыптау салдарынан дақ түрінде
E. Полимер жеткіліксіздігі салдарынан нүкте түрінде
{Дұрыс жауабы}= B
{күрделілігі}= 2
$$$005
Науқасты қарауда: жоғарғы жақтың алдыңғы тістері төменгі жақтың алдыңғы тістерін толығымен жабады, төменгі тістердің кескіш шеттері жоғарғы тістердің қызыл иек шырышты қабатына тиіп тұратыны анықталды, кескіш-төмпектік қатынас сақталмаған. 1.2 тіс асқынған тісжегі салдарынан емделген, тіс түсі өзгерген. Дәрігер науқасқа 1.2 тісін пластмасса сауытпен қаптауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неліктен?
A. Дұрыс, пластмасса сауыт эстетикалық талаптарға жауап береді
B. Дұрыс, пластмасса сауыт тек алдыңғы тістерге көрсетілген
C. Дұрыс емес, аталған клиникалық көріністе пластмассалы сауыттың мықты болуы үшін қалыңдығы жеткіліксіз болады
D. Дұрыс емес,уақыт өте келе пласмасса сауыт үйкеліске ұшырайды
E. Дұрыс, пластмасса сауыт қалыңдығы прикустың биіктігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$006
Науқастың 1.4-1.5-1.6.-1.7-1.8; 3.6 -3.7 тістері жоқ. Жоғарғы жақ сүйегінде тірек тістері 1.1; 2.1 және 2.4 болатын металлокерамикалық көпіртектес протез әзірленген. Агапов бойынша шайнау тиімділігінің төмендеуін анықтаңыз.
A. 22%
B. 30%
C. 38%
D. 40%
E. 60 %
{Дұрыс жауабы}= E
{күрделілігі}= 3
$$$007
Науқас 50 жаста ортопедиялық стоматология клиникасына төменгі жақ тістерінің жоқтығына шағымданып келді. Тістері 5 жыл бұрын асқынған кариес салдарынан жұлынған. Тістері физиологиялық қозғалмалы. 3.4.-3.5. тістері жоқ. Диагноз қойып, протездің ең тиімді конструкциясын таңдаңыз:
A. Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металлды көпірлі протез
B. Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2 класс, металокерамикалық көпірлі протез
C. Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4 класс, құрама пластмассалы көпірлі протез
D. Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металокерамикалық көпірлі протез
E. Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3класс, пластмассалы көпірлі протез
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 2
$$$008
Алдыңғы тістерінің жоқтығына байланысты науқас металокерамикалық протез қолдануды шешті. Обьективті: 2.3, 2.2 тістері жоқ. 21 және 2.4 тістері интактілі, қабыну үрдісі анықталған жоқ. Тістемі ортогнатиялық. Тістері ұсақ, тістің сауыт бөлігі қысқа. Металокерамикалық протез қолдануға бола ма және неге?
A. Жоқ, 2.1, 2.4 тістерге шайнау қысымы көп түседі
B. Жоқ, тіс сауыт бөлігінің қысқа болуынан протез нашар бекітіледі
C. Жоқ, тіс қуысын ашып алу қаупі бар
D. Иә, қосымша тірек ретінде 1.1 және 2.5 тістерді қолданса
E. Жоқ, ортогнатиялық тістем кезінде металокерамикалық протез қолданылмайды
{Дұрыс жауабы}= B
{күрделілігі}= 3
$$$009
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс. Емдеу жоспары: құралмалы бөлшекті көпірлі протез 3.7 және 3.3 тірек тістерге. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көрініс байқауға болады?
A. Тірек тістердің қозғалғыштығы
B. Тіс қатарының шектелмеген ақауы
C. Тістердің үлкен конвергенциялы ақауы
D. Тіс қатары ақауының үлкен болуы
E. Терең тістесу
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$010
Науқас 32 жаста . Эстетикалық ақауға шағымданады. Периодонт себебінен 2.1 тісі 1 жыл бұрын жұлынған. Обьективті: қалған тістері сау, тұрақты. Тісием: ортогнатиялық. Протез конструкциясын таңдап және 2 клиникалық кезеінің жасалуын анықтаңыз?
A.2.1 тірек тісімен металлокерамикалық көпір тектес протез, тісті егеуге дейін кезең.
B. 1.2,2.1 тірек тістерімен металлокерамикалық көпір тектес протез,тірек сауыттарды қайта базистеу.
C.1.2,2.1 тірек тістерімен металлокерамикалық көпір тектес протез, көпір тектес протезді өлшеп және шақтап тексеру.
D.1.2 тірек тісімен металлокерамикалық консольді көпір тектес протез,тіс түсін анықтау.
E. 1.2,2.1 тірек тістерімен металлокерамикалық көпір тектес протез, көпір тектес протездің каркасын өлшеп және шақтап тексеру.
{Правильный ответ}= E
{сложность}= 3
$$$021
Шайнау қызметінің бұзылуына шағымданады. Тісі асқынған тісжегіге байланысты 2 жыл бұрын жұлынған. Объективті: ауыз қуысында 1.6 тістер жоқ. Қалған тістердің мүжілуі мен қозғалмалылығы физиологиялық. Протез конструкциясын және жансыздандыру әдісін таңдаңыз
A. тубералды анестезия, 1.5 және 1.7 тістерге бекитін көпіртәрізді протез
B. торусалды анестезия, 1.7 тіске бекитін көпіртәрізді протез
C. мандибулярлы анестезия, 1.5 тіске бекитін көпіртәрізді протез
D. күре тістік анестезия, 1.7 тіске ұстап тұруші кламерлері бар микропротез
E. өткізгіштік анестезия , 1,7 тіске бекитін консолды протез
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$011
Науқас 35 жаста, дәрігер – ортопедке 1.1 тістің жоқтығына, эстетикалық ақауға, дыбыс шығарудың бұзылуына шағымданып келді. 2 апта бұрын тісжегінің асқыну себебінен тіс жұлынған. Объективті: 1.1 тістері жұлынған. Шырышты қабаты патологиялық өзгеріссіз. Тістемі ортогнатиялық. 2.1,1.2 тістері төзімді, перкуссияда ауырсынбайды. Қандай диагноз қоясыз?
A. Кеннеди бойынша І класс
B. Кеннеди бойынша ІV класс
C. Гаврилов бойынша І класс
D. Гаврилов бойынша ІV класс
E. Кеннеди бойынша ІІІ класс
{Дұрыс жауабы}=В
{күрделілігі}= 2
$$$012
Науқас 30 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына пломбаның түсе беруіне шағымданып келді. Қарап –тексеруде: 2.6 тістің 1/3 бөлігі пломбаланған, антагонистерімен жанаспайды. Дәрігер 1 клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеген, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық қалып алды. Металл штампталған сауыт дайындалған. Сауытты шақтап тексергенде, сауыт антагонисттермен жанаспайтыны анықталды. Қай кезеңде қателік жіберілді?
A. 1-зертханалық кезеңде-тіс дұрыс мүсінделмеген
B. 1-зертханалық кезеңде - сауыттың штампталуы дұрыс емес
C. 1-клиникалық кезеңде-қалып дұрыс алынбаған
D. 1-клиникалық кезеңде-тіс дұрыс егелмеген
E. 1-зертханалық кезеңде-модель дұрыс құйылмаған
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$013
Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, периапикальді тіндерінде патологиялық өзгерістері анықталған жоқ сол себепті, дәрігер кеңесі: 1.1,2.1 және 2.7 тірек тістерге металокерамикалық көпірлі протез қолдану. Протез конструкциясы дұрыс тағайындалды ма және неге?
A. Дұрыс-көпірлі протездер шайнау тиімділігін толық қалпына келтіреді
B. Дұрыс емес-тірек тістер ұлпасы сақталған
C. Дұрыс емес-тірек тістерге үлкен қысым түседі
D. Дұрыс-эстетикалық тиімді,протезге тез бейімделеді
E. Дұрыс емес-тірек тістер саны аз
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$014
34 жастағы науқас металлокерамикалық көпіртектес протезді шақтап-тексеру кезеңінде (үшінші клиникалық кезең). Көпіртектес протезді 1.3; 1.6 тірек тістерге шақтап тексеру кезінде жасанды тістер тістемді біраз көтеріп тұрғаны және төменгі жақты оңға жылжытқанда қозғалысын шектейтіні анықталды. Дәрігердің іс-әрекеті?
A. Қозғалысты шектейтін аймақты анықтап, егеу арқылы түзету енгізу
B. Протезді қайта жасау
C. Тістемді қайта анықтау
D. Глазурь қабатын жақпай тұрып уақытша тіске бекітіп және бейімделуге уақыт беру
E. Глазурь қабатын жағып және бейімделуге уақыт беру
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   922




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет