25. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ акср-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.)


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі36,95 Kb.
#84105
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
25-27 сұрақтар

26. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
1921 жылы 8-16 наурызда РКбП 10 съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні: азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды; сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді; кооперация мен шарушылық есепке еркіндік берілді. Алайда, 1921 жылдың жазында Қазақ өлкесінің солтүстік батыс аудандарында құрғақшылық басталды. Сол себепті, Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы егістік қурап кетті.
1921-1922 жылдардығы аштық салдарынан Республика бойынша 2,3 миллион адам аштыққа ұшырады. Ауыл шаруашылығындағы қиыншықтар 1923 жылғы өнімге дейін жалғасты. 1922 жылы Қазақстан халқының саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 миллион адамға кеміп кетті.
Жаңа экономикалық саясат өз нәтижесін тек 1920-жылдардың ортасына қарай ғана бере бастады. 1925 жылы халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімін өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда үшкен екіге дейінгі көлемге жетті. Өнеркәсіптің 60%-ы іске қосылып, көлік қатынасы қалпына келтіріле бастады. Егіс көлемі 3 млн. десятинаға жетіп, астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгейге көтерілді. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 26 млн. басқа жетті. Жәрмеңкелер қайта қалпына келтірілді. Ойыл, Темір, Қоянды жәрмеңкелері сияқты жалпы сауда көлемі 20-23 млн. сомды құрайтын 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Дүкендер жүйесі (Кооперация жүйесі) қалыптаса бастады.
Басты жәрмеңкелер:
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
2) Ақмола губерниясында – Атбасар.
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
4) Бөкей ордасында – Орда.
ЖЭС кезінде кәсіп орындар екіге бөлінді:
Мемлекеттің қарамағына алынған ірі-ірі кәсіпорындар.
Ұсақ кәсіпорындар жеке меншіктің қолында қалды, олардың саны сол кезде 10000 асты.
1921-1922 жылдары Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді. Бұл реформаның мақсаты – Орал, Сібір казак әскерлері үшін патша үкіметі тартып алған Ертіс бойы, Орал өзенінің сол жағалауы, сондай-ақ Жетісу мен Қазақ өлкесінің оңтүстігінде тартып алынған қазақ жерлерін шаруаларға қайтару еді. Жер-су реформасының нәтижесінде барлығы 1 млн. 385 мың десятина жер қазақ шаруаларына қайтарылды. Ертіс алқабынан 117 мың десятина, Жайықтың сол жағалауынан 208 мың десятина, Жетісудағы 1916 жылғы көтерілісті басып жаншу нәтижесінде және оған дейін патша заманыңда алынған 400 мың десятина жер қайтарылды. Сондай-ақ діни мекемелерде алынған жер қайтарылды. Жергілікті жерде мұндай жұмыстарды «Қосшы» кедей одағы және шаруа комитеттері басқарып жүзеге асырды. Бұл кедей одағы шаруалардың Кеңес үкіметіне деген сенімін нығайту мақсатында құрылған болатын.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар ауыл шаруашылығына елеулі өзгерістер әкелді. 1925 жылы егіс көлемі 3 млн. гектарға жуықтады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында егін түсімі едәуір жақсарды. Бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі бұрынғыдан 100 млн. сомға төмендетілді. Салықтан жиналған қаржы Отан қорғауға, халыққа білім беруге, ауыл шаруашылығын өркендетуге, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.
Мал шаруашылығы саласы да дағдарыстан шыға бастады. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру ұстанымы бой көрсете бастады. 1925 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық жүйесіндегі бірлестіктер қатарында 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктестік болды. Ол шаруалардың егістіктерін өңдеуге, ауыл шаруашылығы машиналарын, сондай-ақ ұсақ кәсіпорындарды, диірмендерді, асханаларды, мал соятын орындарды, кірпіш зауыттарын сатып алуына көмектесті. Мемлекет шаруаларға ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтар сатып алуға қарыз беру жолымен көмектесті. Сөйтіп, жаңа экономикалық саясат көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар мен қоныс аударушылардың мүмкіндігін қалпына келтіруге, соғыс пен аштықтың салдарынан кері кеткен ауыл шаруашылығын жетілдіруге мүмкіндік берді.
1925 жылы қазақ жеріне өлкелік партия коммитетінің басшысы ретінде Голощекин келді. 1927 жылы партияның ХV съезінде Жаңа экономикалық саясаттан ұжымдастыруға бағыт алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет