-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің атым-Әлия.
Тәрбиеші балалардан қуыршақтың үстінде қандай киімі бар екенін сұрайды.
Сөздік жұмыс: тақия.
Тақия-қазақтың ұлттық баскиімі.
Тақия қазақтың өю-өрнектерімен әшекейленген. Қазақ халқы үй тұрмысында қолданылатын заттарды ою-өрнектермен әсемдеген.
Қуыршақ:
-Балалар, менің тақияма ою-өрнек салып бересіңдер ме?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Тақияның түсі қандай?
-Ою өрнектердің түсі қандай?
-Үкінің түсі қандай?
Тәрбиеші тақияны ою-өрнекпен қалай әшекейлеу керектігін магнитті тақтада көрсетеді.
Тақияның үшкір жағына үкіні орналастырады. Жоғарғы жағына үш ою, төменгі жағына да үш ою орналастырады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
-Тақиямыз қандай әдемі болып шықты!
-Сәлеметсің бе, қуыршақ!
Сұрақтарға жауап береді.
-Көйлегі бар.
-Басында тақиясы бар.
Қайталайды:тақия.
Тыңдайды.
Ынталарын білдіреді.
Иллюстрацияны қарап,жауап береді:
-Қызыл.
-Сары.
-Ақ.
Балалардың алдында тақия пішіндері мен ою-өрнектер жатады.
Балалар дайын тақияларды ою-өрнекпен және үкімен әшекейлейді.
|