Өндірістік үй-жайлардың таза аймақтарын (класстарын) атаңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 27 мамыр 2015 жылғы № 392 бұйрығына 3 қосымшасы бойынша
Жалпы өндірістік үй-жайлардың таза аймақтары төрт класқа бөлінеді. А класы – өнім сапасы үшін жоғары қауіп көрсететін операциялар жүргізуге арналған жергілікті аймақ, мысалы толтыру зонасы, тығын зонасы; ампула және құтылар ашық жай-күйде болатын зоналар және жабдықтардың бөліктерін жалғау асептикалық жағдайларда орындалады. Әдетте, бұндай жағдайлар жұмыс орнында ауаның ламинарлық ағынымен қамтамасыз етіледі. Ауаның ламинарлық ағынының жүйесі ашық таза орын-жайдағы жұмыс зонасында 0,36-0,54 м/с (нормативтік мән) диапазонындағы ауауның біркелкі жылдамдығын қамтамасыз етеді.Ламинарлықты ұстап тұру дәлелденеді және валидацияланады. Жабық изоляторларда және қолғапты бокстарда жыламдығы аз бір жаққа бағытталған ауа ағынын пайдалануға жол беріледі
B класы – асептикалық дайындауға және толтыруға арналған А класының аймағын тікелей қоршайтын аймақ