№29 орта мектеп Сынып жетекшілер бірлестігі



бет3/4
Дата29.02.2020
өлшемі81,61 Kb.
#59282
1   2   3   4
Байланысты:
29 мектеп

Дегендей «ерлікке аттан, еңбекке аттан»

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен

Желдіртіп қоңыраушы атын жеккен

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

 

 

8-оқушы: Брест отанымыздыңтарихында өшпесерлікпен соғысқанбатыр қалалар есімі мәңгі сақталды. Соның бірі - Брест қамалы. Жауынгерлер оны ақтық қаны қалғанша қорғады.



Даналардан шыққан асыл сөздер.

Ердің туы-намыс.

Бауыржан Момышұлы

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз

Отанына абырой әкеледі. Р.Роллан

Отаншылдық - ең негізгі сезім.

Л.Н. Толстой.

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған.Ж.. Ж.. Руссо.

«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ»,-деп ер қайратыңа мін-дағы, өрге бас.

М.Әуезов.

Ежелден ел тілегі-ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса, -ел тірегі. Б.Момышұлы.

Отан туралы мақал-мәтелдер

Отанды сүю-отбасынан басталады.

  

Отан оттан да ыстық.



 

Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

 

Ер-елінде,



Гүл-жерінде.

 

Отанға опасыздық еткенің,



Өз түбіңе жеткенің.

 

Ел-елдің бәрі жақсы,



Өз елің бәрінен де жақсы.

 

Отан үшін күрес-



Ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса,

Қарың талмайды

                       О, аналар туралы баллада.

9-оқушы: Москва. Неміс фашист армиясының ең түпкі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел боп қорғады.

10-оқушы: Зұлым жаудың ниеті

                   Москваны құлатпақ

                   Кремльді күп етіп

                   Асыл тасын уатпақ

11-оқушы: Қазақстаннан құралған гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды.

 

12-оқушы: Осы дивизияның 29 жауынгері 50 танкке төтеп берді. Саяси жетекшісі В.Г. Ключков: «Россия кең байтақ, бірақ шегінетін жор жоқ, артымызда –Москва,»-деді. Олар қаһарын жаудыүнсіз тосып алды, арыстандай алысып, ақырғы демі біткенше жауды қаусыратты. Жаудың қара темірінен батырлардың табандылығы асып түсті.



 

 

13-оқушы: Тастар көкке атылды



                   Орман шулап, тастар құлап

                   Жиырма сегіз батырды

                   Жеңе алмады жау бірақ

                   Жау жеңілді ақыры

                   Атты бейбіт таң күліп

                   Жиырма сегіз батырын

                   Ұмытпайды ел мәңгілік

 

14-оқушы: Фашистер Советтік Украинаның астанасы Киевті басып алуды көздеді.



Гитлер Киев бағытына ең таңдаулы 14 дивизиясын жөнелтті. Қызыл Армия Киевті қорғауға шықты.

 

15-оқушы: Волгоград. Фашистер қала қорғанысын бұзып кіргенімен, Совет әскерлері жан қиярлықпен соғысты. Жауынгерлеріміз әр қадам жер үшін, әр көше үшін, әр үй үшін жанын оққа байлады. Оқ қарша болды. Қирамаған үй қалған жоқ. Мұнда да фашистер күйрей жеңіліп, кейін шегінді, 1 мил. 500 мың солдатынан айырылды.



 

16-оқушы: Зұлым жау Қара Теңіздегі портты қала- Одессаны басып алуға ұмтылды. Елін қорғаған ерлер Одесса үшін 73 күн белуардан от кешті. Жаудың 160 мың солдаты өліп, жүздегін танкісі қирады. Одесса аспан да 200 жау сомолеті атып түсірілді.

 

 

17-оқушы: Фашистердің еңдігі ұмтылғы Севостополь болды. Совет адамдары жау оғының астында жүріп, атыс ұясын белгілеп, жолдарын миналады. Севостополь түбінде жау 700 мың адамын жоғалтты.



 

18-оқушы: Совет жауынгерлері қалалар мен деревняларды жанқиярлықпен қорғады. Фашистерді жержостандырған батыр қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Севостополь, Тула қаһарман қамал Брест Новороссииск. Керчын Ленин ордені мен Алтын жұлдыз тапсырылды.

 

 

19-оқушы: Әрқашан әділдік жеңеді Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 майда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.



Ердің туы-намыс.

Ежелден ел тілегі-ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса, -ел тірегі.

Ерлік-елдік қажетің,

Жүректілік-жігіттің қасиеті.

Өз қадірін білмеген-ер қадірін білмейді,

Ер қадірін білмеген-ел қадірін білмейді

 

 



 

 

20-оқушы: Совет армиясы Москвадан Берлинге дейін данқты жолдан өтті. Гитлешілдер күйрей жеңілді. Фашизмнің орталығы Рейхстагқа батыр ағамыз Рақымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып ту тікті.



 

21-оқушы: Жеңістің құны- қираған жамбас

                   Жеңістің құны- қураған мың бас.    

                   Жеңістің құны- кесілген білек

                   Жеңістің құны- тесілген жүрек

         Хор Отаным.

 

22-оқушы: Жеңіс!



                                 Жеңіс келді қалама

                                 Жеңіс келді далама

                                 Жеңіс келді әке боп

                                 Елдегі бар балаға

                                 Жеңіс келді ән болып

                                 Келді ауылға сән көрік

                                 Жеңіс келді алақай,

                                 Тоя жейтін нан болып.

 

23- оқушы: Сүйінші



                                 Арылтып жаудан жерімді

                                 Табанға жоншып елімді

                                 Жеңіспен желжіп өмірді

                                 Оралды ерлер көңілді

                                 Десеңдер, бұл қай күн?

                                        Тоғызыншы май күн!

                                    

                                     Көгершіндер әні.

 

24-оқушы: Сүйінші, халқым сүйінші



                   Сүйіншіге сүйінші

                   Шаттан, ата- анамыз

                   Шаттан, аға- бабамыз

                   Кек қайтарып фашистен,

                     Соғыс бітті жеңіспен.

 

                                     Хор Менің Қазақстаным



   Міне, балалар, осындай даңқты жолдармен жүріп өткен аға ұрпақ ісін жалғастырушы сендерсіндер. Ертең сендер де Отан сақшысы – солдат боласындар. Отан сендерден қандай істі талап етсе, бәріне дайын, елін халқын сүйген патриот болуға тиіссіңдер.

 

 



Тәрбие сағатының тақырыбы:     Төрт түлікті құрметтейік.

 

Тәрбие сағаттың мақсаты:                      Білімділік.



Төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатымен,қадыр- қасиетімен таныстыру,олардың төлдерінің атын, шақырылуын,дыбысталуларын,жалпы төрт түліктің пірлерінің атын білу.

 

Дамытушылық.



Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту,көркем шығармалар арқылы жүйелі ойлау әрекетін,ой белсенділігін арттыру.

 

Тәрбиелік:Көркем шығармаларды айтқызу арқылы еңбек сүйгіштікке, бірлікке,ізгілікке,әдепті болуға тәрбиелеу.



 

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері:  Көрсету ,түсіндіру,(жұмбақтар,жаңылтпаштар)

 

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері:            Төрт түліктің суреттері,нақыл сөз,мақал-мәтелдер,ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар,қоржындағы жұмбақтар мен ойындар.



                

Өтілу барысы:

 

Мұғалім: Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз мал атаулының қадыр-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестетуіміз мүмкін емес.Малды сою,бағу,күту,кең даланы малға толтыру мына сендердің міндеттерің.



       Ендеше, балалар төрт түлікті барлығымыз да білеміз. Оларға: түйе,қой,

сиыр,жылқы жатады.

       Төрт түлікті үнемі пайдаланамыз,сойып етін жейміз,жүнінен қыстық байпақ,қолғап,шарф,бас киімдерін тоқимыз.Терісін сатып ақша қыламыз,өзін мініп көлік қыламыз.Ендеше,мына тұрған малдардың төлдерін атайықшы.

 

Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ,құлын.



 

Мұғалім:Енді төлдерге байланысты білетін тақпақтарымызды айтайық.  

 

 

1-оқушы:Бөө -бөө деген әні бар,



Жібек жүні сәні бар.

Ботақаным,момақан,

Сүйікті бір жануар-жануар.

 

 



2- оқушы: Мәә -мәә деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйікті бір, жануар.

3- оқушы: Күмбірлеген әні бар,

Желкілдеген жолы бар,

Желкілдейді жүйрігім,

Желмен шапқан жануар.

 

 

4- оқушы: Мөө- мөө деген әні бар,



Байқамасаң жамырар.

Бұзауқаным момақан.

Үй маңынан табылар.

 

 



Мұғалім: Енді балалар, төлдердің дыбысталуын айтайық.Қай төл қалай шақырылады соны білейік.

 

1-      оқушы: Бұзау мөңірейді,оны әукім-әукім деп шақырады.



2-      Лақ- қозы маңырайды, лақты пұшайт-пұшайт деп,ал қозыны шөре-шөре деп шақырамыз.

3-      оқушы: Құлын кісінейді, құлынды құрау-құрау деп шақырам :Бота боздайды,оны көс-көс деп шақырамыз.

4-      оқушы :Бота боздайды,оны көс-көс деп шақырамыз.

 

Мұғалім: Малдардың төлдерін аймалып жақсы көру,еркелетуі болады екен.Сендерді де ана,әжелерің жақсы көріп,еркелеткенде ботам,құлыным деп жатады.Ал малдар да өз төлдерін солай еркелетеді екен.



 

 

1-      оқушы:   Қой сүйеді баласын –   «қоңырым»   деп,



                     Ештеңені білмейтін –   «момыным» деп.

                     Сиыр сүйеді баласын – « торпағым» деп ,

                     Қараңғыға баспаған - «қорқағым» деп.

                     Ешкі сүйеді баласын – «лағым» деп,

                     Тастан-тасқа секірген –«шұнағым» деп.

                     Жылқы сүйеді баласын –«құлыным» деп,

                    Тұлпар болып жүгірген –жұрыным» деп.

 

Өлең: «Мал баққанда»



 

2-      оқушы: Ешкі бақтым,еңіреп бақтым,

                   Қой бақтым,қоңырау тақтым.

                   Сиыр бақтым,сидаң қақтым,

                   Жылқы бақтым,жорғалаттым.

                   Түйе бақтым, түйме тақтым,

                   Лақ бақтым,жылап бақтым.

 

Ойын: «Мал туралы санамақ»



 

Мұғалім: Төрт түліктің пайдасы да орасан зор.

Енді сол түліктердің пайдасы жайлы кім айтады?

 

3- оқушы: Түйе             - байлық,



                     Жылқы       -сәндік,

                     Қой               -мырзалық,

                     Сиыр           -ақтық,

                     Ешкі             -жеңілдік.

 

Ешкі мен қойдың айтысын екі оқушы орындайды.



 

Ән: «Төлдер»

 

Мұғалім: Келесі кезекті төрт түлік туралы жұмбақтарға берсек. Кім көп жұмбақ білер екен?



 

1-      оқушы: Киелі бір жануар,

                   Үстінде екі тауы бар. (Түие)

2-      оқушы:Кішкентай ғана бойы бар,

                   Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3-      оқушы:Көкке шаншып құйрығын,

                  Шауып келді жүйрігім.     (Құлын)

4-      оқушы:Екі найзасы бар,

         Екі айнасы бар.

         Төрт шылдырмағы бар,

         Бір сыпыртқысы бар.         (Сиыр)

 

«Бұл үйде не тұрады?» ойынның шарттарымен таныстыру.Қалташаға үй жануарларын салып араластырып білу.Ырым-тыйым сөздерімен та ныстыру.Есте ұстауларына көңіл бөлу.



 

Ырымдар мен тыйымдар айту

«Ақты төкпе», «Түнде малды санама», «Малды теппе» т.б

Бір оқушы малға арналған батаны айтады.

 

 

5-      оқушы: Әуелі құдай оңдасын,



                   Қыдыр болсын жолдасың.

                   Көңілді өтсін өмірлерің,

                   Қабақтарың ашық боп,

                   Табаққа толсын астарың.

                   Байлықтың көзі қарағым.

                   Төрт түлік бассын қораңды.

Қорытынды:

 

Төрт түліктің пірлеріне сөз беру.Зеңгі бабаға сөз беру.



     «Төрт түлігім бірлігімнің ырысы», «Малды баға біл, бабын таба біл», «Мал баққанда бітеді» - дейді қазақта. Бет алыстарың жақсы екен, барлығымыз,

Ризамыз,рахмет!

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Қош келдің қазағымның Наурыз тойы.



Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наразылары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды қазақтың ұлы мен қыздарына тән қасиеттерге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдттар.

Тәрбие сағаттың барысы:

ДАУЛЕТ:

Ел-дәстүрі арымыз



Той бастығы- кәріміз

Қыдыр баба той бастар,

Ал тыңдайық бәріміз.

 

ГАУХАР: Күн



Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Қызыр баба аман ба?

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу ақты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне наурыз келеді,

Әсемденер жер енді.

 

ЕРДАР: Қыдыр баба



Ау, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қарандар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрындар.

АРУЖАН: Наурыз

Сәлем анам-алтын Күз,

Сәлем қарты халқымның.

Уақытынша риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Ашық болса күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

АЛІБЕК:


Жаңғырар дәстүр- салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.

Айда мен Аружан.

Айда: Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық.

Аружан:Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1-ші болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді.

Айда: Ал ендеше жарыста жеңген ағамызөзі сияқты жүйрік болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.

Бала: Жарайды ендеше мен сияқты жүйрік бол қарындасым.

Аружан: арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1-кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.

Әже: тұсау кеседі.

Аружан мен Айда:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз қаз балам, қаз балам

Тақымыңды жаз балам

Күрмеуінді шешейік

Тұсауыңды кесейік

Қадамына қарайық

Басқаныңды санайық.

 

МАДИНА:


Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы Наурызымның

Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Деп Мадина айтқандай енді қыздарымыздың биін тамашалайық.

 

ИСЛАМ:



Амансыздар ма?

Ұлыс оң болсын.

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

ӘДІЛ М.:

Ашық болсын қас қабақ,

Тас пен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрдебас қонақ.

 

ӘДІЛ А.:



Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.

Жаңадан келген мына жаңа жылды

Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.

Мұғалім: сонымен балалар наурызда қандай ұлттық тағамдар дастарханға қойылады екен?

Наурыз көженің құрамы неден тұрады?

Оқушылар жауап береді.

 

НҰРТІЛЕУ:



Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша қуанып,

Жадырайды күніміз.

 

 

АЙДА:



Уа, халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн-Наурыз мейрамы. Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық.

Мен қазақпын әуеніне ұлдар би билейді.

 

КЕНЕСАРЫ:



Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Ырысымыз көп болсын

 

Тәрбие сағатын қорытындылау.



Мұғалім: деп шағын салтанатты ертеңгілігімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер және балаларымыздың наурызға жайылған дастарханға шақырамыз.

 

 



 

 

Тақырыбы: «Көңілді эстафета»



Сабақтың мақсаты: оқушыларға дене тәрбиесімен үнемі айналысуға, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, қоршаған ортада өзін ұтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:спорттық құрал жабдықтар, шарлар, ұранды сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сайыскерлер мен жанкүйерлерді бөліп алу және орындарын белгілеу.

бүгінгі сыныптан тыс сабақта біз екі топ болып жарысамыз. Олар:2 «Б,В» сыныптары. Яғни екі топтан да 10 оқушыдан қатысады. Сыныптан тыс сабағымыздың мақсаты сайыскерлеріміз бен жакүйерлерімізге жауапкершілікті жүктей отырып, өзін қоршаған ортада ұстай білуін, дене тәрбиесін әрі қарай шыңдау және жеңіске де, жеңіліске де шыдай білуге, белсене араласуға дене тәрбиесінің адам денсаулығына қажет екндігін боларына қалыптастыру. Бүгінгі ашық сынптан тыс сабақтың жоспары мынадай:

Жоспары:


 

 

Қорытынды.



Мұғалім: Әділдікпен баға берер жарысқа,

                        Әділдікпен қара қылды жаруға,

                        Әділқазы алқаларын сайлайық.

                        Жеңімпазды анықтауға сайыста.

Әділқазылар алқасы таныстырылады.

Әрбір топ өз тобының атын, ұранын, қарсы топқа сәлемін жеткізеді.

І. «Қапқа түсіп жүгіру» сайысы.

Оқушылар қапты аяқтарына киіп алып мәреге жетіп, қайта келіп, келесі оқушыға беруі тиіс.

ІІ. «Спорттық жұмбақтар шешу» сайысы.

Тауға шықса талмайды,

Аузына нәр алмайды.             (шаңғы)

(шаңғы)


 

Тұра алмайды шошаңдап,

Сіңірлерін созады,

Алма кезек озады.

Қаны жоқ,

Жаны жоқ


Жер жарады дауысы.   (Ысқырық).

ІІІ. «Жіп астымен өтіп көр» сайысы.

Оқушылар жіптің асытмен денесін тигізбей өтуі керек.

 

ІV. «Әтештер соғысы» сайысы



VІ. «Жұмыртқамен жүгіру» сайысы.

VІІ. «Доп ұстаған математиктер» сайысы

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы жарыстың жеңімпазын анықтап бағалайды.

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Біз құқығымызды                                                                                                                    қорғаймыз.

Тәрбие сағаттың мақсаты:          1. БілімділікОқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолынсын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

қОқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.

Оқушыларды Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.



Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, кітаптар.

Тәрбие сағаттың барысы:

 

 

Сайыс жоспары:



Тақырып

А) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Б) Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

 



1-топ. «Әділет» тобы.

Топтың аты: Әділет

Топтың ұстанымы:     Әділ болу -әр адамның парызы

                                               Мұны біледі жасы менен кәрісі.

                                               Әділетті болғаның қандай жақсы,

                                               Анықталып тіршіліктің ақ пен қарасы.

2-топ «Ақиқат» тобы

Топтың аты: Ақиқат

Топтың ұстанымы:     Ақиқаттан қаша алмаймыз ешқашан,

                                               Ақиқат ашылады әрқашан.

                                               Ақиқатсыз өмір жоқ біз білетін,

Ол емес өмірде өзгеретін.



.

 

1-топ. «Әділет» тобының сұрақтары:



 

2-топ. «Ақиқат» тобының сұрақтары:

 

( Берілген сұраққа әр топ өз тұжырымдарын білдіру керек.)



Тақырыптар:

А) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Б) Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

1-топ. «Әділет» тобының сұрақтары:



Тәрбиелі- тәртіптің құлы,

Тәртіпті –елдің ұлы.                   Б. Момышұлы

                                                                                                         

Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.       Менандр

Заң адамды бағындырады.             Т.Фуллер.

 

2-топ. «Ақиқат» тобының сұрақтары:



 

Жақсы тәртіп әдетке айналса –ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса –қырсық.           Ғабиден Мұстафин.

 

     Әдепсіз бала…………(сорлы бала)



 

Халық заңды өзінің тірегі,

Өзін күзететін қабырға дуал ретінде қорғауға тиіс.     Гераклит

 

 



Заң- адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне

пайдаланатын адамзат даналығының

ең жоғарғы көрінісі болып табылады.         С.Джонсон

                                          

 

                                  



1-топ. «Әділет» тобының тапсырмасы

Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста

Оқушы неге құқылы?

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.

 

2-топ. «Ақиқат» тобының тапсырмасы.



Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста

Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

 

Тәрбие сағатты қорытындылау.



Сұрақ-жауап арқылы және сайыс жеңімпазын анықтау.

 

 



Тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар

                     Жақсы ән мен тәтті күй

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ән мен күйдің құдіретін меңгерте отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту,өнерді сүйуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ән жайында даналық ойлар жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

                                   Жоспары:

 

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар



                 Жақсы ән мен тәтті күй.

                 Көңілге түрлі ой салар,

                   Әнді сүйсең менше сүй     -деп ұлы Абай ән мен күйдің құдіретін осылай жеткізген.

Ән мен күй – табиғат сұлулығын,адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.

Ән мен күй адамның ішкі сезім дүниесін,оның жеке басының көңіл-күйін,қуанышы мен аңсаған арманын,тіршілік дүниесін,қоршаған табиғат суретін нәзік тіл, көркем үнмен баяндайды.

Ал,біз сөз етіп отырған халық күйлері мен әндерінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?

Оқушылардың жауабы.

 

1-ші оқушы. «Адай» күйінің тарихы жайлы.



 

Мұғалім:Күйдің тарихы жайлы біраз нәрсе біледі екенсіңдер.Ал қане , сол Ұлытау тобының шығармашылығынан күй шертетін адам бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет