Сәдуақасұлы Смағұл; (1900, Ақмола облысы, Омбы уезі. Қорған болысы, 3 ауыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы-Жарқын ауылы – 1933, Мәскеу) – көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері. Ауыл мектебін, 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, 1931 жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1915-16 жылдары өз ауылы Жарқынға мұғалім болды. 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесінде, политехника институтының кооперация курсында, ауылшаруашылық институтының кооперация факультетінде оқиды. Сонымен бірге, қысқаша курстарда дәріс беріп, Ақмола облыстық Жер-су басқармасында қазақ бөлімі оқу ісінің меңгерушісі болды. Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |