2.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


) Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары



бет29/64
Дата10.04.2022
өлшемі204,1 Kb.
#138695
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
Документ (39) 3

26) Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары.

Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.


Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді.
Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:
республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,
1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,
1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.
Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
Тәркілеу. Бай мен кулактарды жою.
Елде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт алды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылғын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда Қаулыға сәйкес 400-ден аса малы бар 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда малы – 300, ал отырықшы аудандарда малы 150 ден асатын шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.


Тәркіленген малдың 80 мыңы кедейлер мен батырақтарға, 30 мыңға жуығы ұжымшарларға берілді. Мал мен құрал сайманға ие болған кедейлер ауылдағы орташалар тобы қатарына көтерілді.


1920-шы жылдардың аяғында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10–15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тыңдамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930–31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Ұжымдастыру зардабы
1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды. Шаруалар көтеріліске шықты: Бетпаққара, Созақ.


    1. дары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет