30)Сталинді крепрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары.
Еліміздегі тұңғыш репрессия 1928 жылдан басталды.
Елде 1936 жыл 5 желтоқсанда Кеңес Одағының жаңа Сталиндік Конституциясы қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ.Оларға заң шығару құқығы берілмеді.Одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.
Қазақ зиялы қауымын жаппай қудалау 3 кезеңнен тұрды: 1. 1928жылдың соңында 44 адам- бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық» ұлтшылдар деген кінәмен тұтқындалды. 2. 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында 40 адамнан тұратын 2-ші топ ұсталды.Олардың 15-сі Ресейдің орталық қара топырақ аудандарына жіберілді.1937-1938 жылы лаңкестік жаппай сипат алды.Көптеген зиялылар 1937-1938 жылы атылды
Ол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз. 1946-1953 жылдар Қ.Сәтбаев,М.Әуезов,Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. «Халық жауларын» жазалау.Біріккен мемлекеттің саяси басқарманың (БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне мынандай жалған кінәлар жапты: – Кеңес билігінің саясатына қарсы шықты; – Жауапты кадрларға қатысты лаңкестік актілер ұйымдастыру үшін жастар арасынан әскери топтар ұйымдастырған; – Жастар арасынан әскери кадрлар дайындаған; – Байлар мен арадағы байланысты орнату үшін «Алқа» үйірмесін құрған; – Кеңеске қарсы үгіт жүргізген; – Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп,Жапонияның протектораттығына бермек болған; – Өздері Жапония мен Германияның тыңшысы, «ұлтшыл фашистер» деген т.б болжаммен айыпталды;
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:
Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.
Мақсаты:
– отаршылдық салдарын жою
– саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру
– тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру
Статистикалық мәлімет бойынша
Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам Сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары
– 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 жылдар аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар.
Саяси қуғын-сүргін сипаттары:
– 1921 – 23 жылдарда малды тартып алу
– малдан айырылудың кесірінен болған аштық
– шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан
– бай –кулактарды жою, олардың мүліктерін
тәркілеу және жер аудару
– 1923-33 жылдар аралығындағы дін өкілдерін жазалау
– халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес
Айып түрлері :
– халық жауы
– Отанына опасыздық жасағандар
– шпиондар
– сатқын
– буржуазияшыл –ұлтшыл
Жаза түрлері:
1. Жаппай өлім жазасына кесу
2. Түрмеге қамау
3. Тұтас жер аудару
4. Қылмыстық істерді қолдану
5. Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау.
Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық Комиссарлары Комитеті «Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерьін құру туралы» қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.1953-жылы Сталин қайтыс болғанан кейін «жылымық» кезеңі басталды сол жылдары қазақ зиялылырынан айыптау алынып тасталынды.
Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды
СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.
Алжир. Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған «Отаның сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын.