70.Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. 1) Көліктік-логистикалық инфра¬құрылымдарды дамыту. 2) Индустриялық инфра¬құры¬¬-лымдарды дамыту. 3) Энергетикалық инфра¬құры¬лымдарды дамыту. 4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ-рылымдарын жаңғырту. 5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. 6) Әлеуметтік инфрақұрылым¬дарды дамыту. 7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. 71.Әлеуметтік реформалар мен оны жаңарту шаралары. 1991 жылдың соңынан тәуелсіз даму жолына түскен Қазақстан әлеуметтік қатынастар саласында ірі көлемдегі өзгерістерге бет бұрды. Әлеуметтік өзгерістер мен реформалар жүргізу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастарды ендіру болжанды. Алайда, еліміз бұрынғы жүйенің қателіктері мен кейбір құндылықтары жаңа орын алған өзгерістерге, реформалау үдерістеріне тежеу қойды. Сондықтан нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде (1991-1993 жж) қазақстандықтардың басым көпшілігінде өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуі байқалды, мұның өзі елімізде әлеуметтік шиеленістің ұлғаюына әкелді.
Аталған тұста Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат келесі бағыттар бойынша жүргізілді: халықтың аз қамтылған санатын қорғау; халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған мемлекеттік экономикалық саясат жүргізу; жұмыссыз мәртебесін иеленген азаматтарды қорғау[5-слайд]. Халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қорғау табысты келесі бағыттар бойынша ең төмен тұтыну бюджеті деңгейіне дейін ұлғайту: кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау; жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтік қорғау; зейнетақымен қамтамасыз ету; аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету; бағаларды тұрақтандыру; табыстар мен жинақ ақшаны индексациялау; жұмыс істеушінің ең төмен жалақысын ең төмен тұтынушылық бюджет деңгейіне дейін көтеру болды.
Нарыққа көшу және экономикалық және әлеуметтік салаларды күшейе түскен дағдарыс жағдайында зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жұмыссыздар сияқты халықтың неғұрлым әлжуаз топтары аса ауыр жағдайда қалып қойды. Бұл жағдай бірқатар фактілермен анықталады. Мысалы, халықтың осы санатына төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері осы кезеңде мемлекеттік бюджеттен алынатын ақшалай-өтемақы төлемдерімен анықталды. Ал 1990 жылдардың басында табыстың ең төмен деңгейі Қазақ ССР-інің «Ең төмен тұтынушылық бюджет туралы» және «Ең төмен жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» Заңдармен (1991ж.) анықталды, осыған сәйкес ең төмен жалақы ең төмен тұтынушылық бюджетке, яғни отбасының әрбір мүшесі үшін заттар мен азық-түліктің ең төмен қажетті мөлшерінің «ғылыми әзірленген нормасына» негізделуі тиіс. Алайда, осы нормалар қағаз жүзінде ғана қалып қойып, Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі үшін бағаның тоқтаусыз өсуі мен жалақының артуы арасындағы айырмашылық қана шындыққа айналды, мұның өзі республикадағы кедей халық саны арттырып, жағымсыз үрдісті негіздеп берді. Соның нәтижесінде 1991-1998 жылдар аралығында кедейлер санатына жататын адамдар контингенті ұлғайып, 1996 жылы 34,6 %-ды, 1997 жылы - 43,0 %-ды, ал 1998 жылы 43,4 %-ды құрады.
1992 жылы басталған құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кәсіпорындарға бөлінетін бюджеттік аударым қысқара түсті, соған сәйкес кәсіпорындардың басшылары өз жұмыскерлерін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберуге немесе толық емес жұмыс күніне көшіруге мәжбүр болды. Сөйтіп қазақстанның еңбек нарығында ашық жұмыссыздық деңгейі төмен болып қалатын, бірақ сонымен қатар жасырын жұмыссыздықпен қамтылғандар пайызы арта түскен жағдай қалыптасты. Жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заңға сәйкес (1991 ж.), жасырын жұмыссыздар жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылып, олар жұмыссыздар болып табылмады. Сонымен қатар өндірістің толық немесе ішінара тоқтау салдарынан жұмыстан айырылған олар көбіне ақысы төленбейтін демалыста болуға, мүлдем жұмыссыз қалып қоюға мәжбүр болды. Мемлекеттік несиелеу және жекешеленген кәсіпорындар санының арта түсуіне орай, республикада ресми тіркелген жұмыссыздар саны ұлғая түсті (1992 ж. - 33,6 мың адам, 1993 ж. - 40,5 мың адам, 1994 ж. - 70,0 мың адам, 1995 ж. - 139,5 мың адам) [6-слайд].
Республика аумағындағы жұмыссыздықтың бұлайша ұлғаюы халықтың табиғи өсімінің төмендеуі мен жұмыс күшінің ұсыныс көлемінің азаюына ықпал етті. Бұл процесс тіпті 1993-1995 жылдары республикадағы көші-қон үдерістерінің күшеюіне әкеліп соқты. Республика аумағынан шығып кеткен адамдардың жартысынан астамы жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар азаматтар болды. Жұмысшылар, гуманитарлық бейіндегі мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер неғұрлым маңызды топ құрады. Бұл негізінен адамдардың жұмыссыз ретінде тіркелуіне кедергі жасайтын психологиялық фактормен, сондай-ақ ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің төмен қарқынымен жүргізілуімен түсіндірілді. Жұмыссыздардың ерекше жоғары пайызы әйелдер арсында орын алды және ол тұрақты өсу үрдісін иеленіп отырды (1994 жылы 45,4 мың адам,1995 жылы 83,8 мың адам). Қоғамдағы жаңа пайда бола бастаған шағын жеке бизнестің әлеуетті нашар дамығандықтан, жұмыспен қамту орталықтарында қайта даярлауға ұмтылу табысты бола қойған жоқ, ал жекеменшік несиелеу мен өндіріс немесе кеңсе етіп жабдық мен алаңдарды жалға алу нарығының мүлдем жоқ болуы әйелдердің шағын бизнесте өрлеуіне кедергі жасады. Бұл үрдіс тек 2001 жылдан бастап қана қалыпқа түсіп, әйелдер арасындағы жұмыссыздық біртіндеп азая түсті [7- слайд].
1991 жылдан бастап енгізілген Жұмыспен қамту қорының қаражатымен қаржыландырылатын жұмыссыздық жәрдемақысы республиканың түрлі аймағында түрліше мөлшерге ие болды. Нәтижеде жәрдемақы мөлшері реттеуші рөл атқара бастады, өйткені жұмыссыздықты тіркеу дәрежесі тікелей соған байналысты болды. Осыған байналысты халықты бұл жәрдемақымен қамту үшін арнайы түсіндіру жұмысы қажет болды, халықтың көпшілігі жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бар екендігінен мүлдем хабарсыз болды. Ауылдық жерлердегі қазақ отбасыларының өмір сүру салты ерекшеліктерін, жұмыссыздар санын анықтаудың әдістемесі мен оны қолдану ісі толық жетілдірілмеді, соған орай ұзақ уақыт бойы жұмыссыз қалған қызметкерлер жұмыссыздық бойынша ресми көрсеткіштерден орын алмай, кәсіпорын тізімінде қалып қойды. 72.2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.. Қазақстан Республикасының Үкіметі) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары: Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.