2.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу



бет61/64
Дата10.04.2022
өлшемі204,1 Kb.
#138695
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Документ (39) 3

Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.

Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.

Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдантұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулыбілім, жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура).
75. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, поляктар, болгарлар, курдтар, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары қабылданып, қоғамдық қатынастарды реттеп, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі.

Көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етті. Қазақтардың елдегі үлесі 1999ж. 53,4 %-ға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға төмендей түсті.
1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18,5%-ға өссе, орыстардың үлесі – 11,8%, украиндардың – 2,6%, немістердің – 4,4%-ға төмендеді.

Демографиялық ахуалға келсек, Тәуел¬сіздіктен кейінгі 30 жыл¬ға жуық уақытта республика хал¬қы¬ның саны небәрі 12 %-ға өскен. Нақты деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жыл¬ға дейін Ресейден басқа ТМД мем¬лекеттерінің халық са¬ны 21,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті.
Ал Қытайда 21,8% немесе 350 млн-ға өскен. Бұл өсім Қазақстан халқының саны¬нан 20 есе жоғары.
Дегенмен, демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп толықтай айтуға болады. 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адамды құрады. 2013 жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
2018 жылы 11 қыркүйек сағат 06:35-те Қазақстан халқының саны 18 321 606 адамға жетті. Жыл соңына дейін 18 608 079 адам болып көбейді.
Бір жылда 411 929 бала туылып, өлім-жітім саны – 162 536 болған.
76. Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.

Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты.

1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет